"Қытай коронавирустың өршуіне жол берді немесе әдейі таратты" деген ақпараттарға Брюссель тосқауыл қоймаса, оның салдары ауыр болатынын ескерткен Бейжіңнің әрекетін Батыс баспасөзі жарыса жазды. Бұл жайында Қамшы тілшісі The New York Times Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Бейжіңнің жоғары лауазымды шенеунігі еуропалық әріптестеріне байланысқа шығып, "Қытайдың коронавирустың өршуіне жол бергені" туралы немесе «жаһандық жалған ақпарат пропагандасын таратты» деп айыптаған баяндама-мақала жарияланатын болса, бұл «ынтымақтастығымыз үшін өте жаман» деп қатаң ескерткен.
Еуропалық Одақтың тағы бір дипломатының айтуы бойынша, Қытайдың жоғары лауазымды қызметкері сол күні Бейжіңдегі еуропалық шенеуніктермен хабарласып, «егер жарияланбақ болған баяндама Қытайды сынайтын болса және мақала сол күні шығарылса, ынтымақтастық үшін өте жаман болады» деп ескерткен.
Еуроодақтағы төрт дипломатиялық ақпарат көзінің айтуынша, негізінде Reuters ақпараттық агенттігіне "21 сәуірде мақала беріледі" деп хабарланған, бірақ қытай шенеуніктері байланысқа шыққан соң, кейінге шегерілген. Оған қоса, жарияланатын ақпараттың бір бөлімі алынып тасталған.
Бұл туралы батыстық БАҚ "Қытай енді Еуроодаққа қауіп төндірді" деп жарыса жазды.
Пікір қалдыру