Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлімімен құқық бұзушы А-ны әкімшілік жауапқа тарту жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды. Бұл туралы Қамшы порталы Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтем жасай оытырп хабарлайды.
Сот отырысында құқық бұзушы өзін дөрекі ұстап, жәбірленуші Т-ның өміріне қауіп төндіретіндей сөздер айтып, яғни сотқа сыйламаушылық білдіргені анықталды.
Осыған байланысты, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының сот приставымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабы 1- бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен К. аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды .
Қаулы заңды күшіне енген жоқ
Қайнар:
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі