ОҚО-да бастауыш сыныптың 1146 оқушысы сүтпен қамтамасыз етілді

/uploads/thumbnail/20170708192153006_small.jpg

Алматы. Қамшы порталы – ОҚО ана мен бала құқығын қорғауды қадағалауда өзге аймақтардан көші ілгері тұрғаны туралы Қамшы порталы осыған дейін де жазған болатын. Енді міне, Оңтүстік Қазақстан облысында прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде, 1146 оқушы сүтпен қамтамасыз етіліп, 28 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы «Қамшы» порталы облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Прокуратура жүргізген тексеруде аудан көлеміндегі 25 мектептегі 1-4 сынып арасындағы 3206 оқушыны бір мезгіл сүтпен қамтамасыз ету мақсатында 06.05.2015 жылы аудандық білім бөлімі басшысы мен «Отырар Сүт-Ет» СТК арасындағы келісім шарттың талаптары орындалмай жатқандығы анықталды.

Тексеруде келісім шарттың талаптарына сәйкес 2015 жылдың 1 мамырынан бастап 25 мектептегі 3206 бала берілуі тиіс (күніне әр балаға 200 грамм) сүттің мүлдем берілмей, жасы кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуына жол берілген. Өз кезегінде Отырар аудандық білім бөлімі мен оған қарасты мектеп басшылығы аталған келісім шарт талаптарының орындалуын қадағалауға алмаған.

Тексеру нәтижесі бойынша Отырар аудандық білім бөлімі басшысының атына ұсыныс енгізіліп, қаралу нәтижесі бойынша мамыр айының 22,23,25 жұлдызы күндері 1146 оқушылар сүтпен қамтамасыз етіліп, олардың құқықтары қорғалса, 28 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

Қатысты Мақалалар