Оңтүстік Қазақстан облысы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен балаларымыз бен жас жеткіншектерімізге отбасы жылулығы мен жанұя махаббатын сыйлау, жүректерін имандылыққа, мейірімділікке сусындату, патриоттық санасы мен өмірге деген көзқарасын оңтайландыру үшін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылық, қамқоршылыққа алған азаматтарды барынша ауқымды қолдау, отбасы құндылықтарын қалыптастыру, отбасы және жанұя бейнесін насихаттау мақсатында Республикалық «Қамқоршылар күніне» орай «Мейірімді жандарға мың алғыс» атты облыстық мерекелік, салтанатты іс-шара өткізілді. Бұл туралы «Қамшы» порталы blog.edu.gov.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С. Қаныбеков, облыстық маслихат депутаттары, аудандық, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің, жасөспірімдер үйінің, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының, бөбектер үйінің басшылары, аудан, қаладан келген қорғаншы, қамқоршылар, үкіметтік емес ұйым қызметкерлері, демеушілер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік-педагогтары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері (жалпы 200 қатысушы) қатысты.
Мерекелік зал шарлармен, нақыл сөздермен безендіріліп, Шымкент қалалық балалар өнер мектебінің оқушылары, Халықаралық байқаулардың бірнеше рет лауреаты «Жас дәурен» хореографиялық ансамбілінің орындауындағы «Сүйінші» биімен бастау алды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қаныбеков Сәкен Әсембекұлы мерекелік кездесуге қатысушы аудан, қалалардан келген 10 мейірімді жанды ізгі тілектерімен, жүрек жарды лебіздерімен құттықтап, облыс әкімдігінің алғыс хаттарымен және «ПетроҚазақстан–ОйлПродактс»ЖШС-інің демеушілігімен 200 000 (екі жүз мың) теңгелік сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпова Ғалия Жүсіпбекқызы игі бастама жолын өзіне парыз тұтқан мейірімді жандарымыз бен осы салада жемісті еңбек етіп жүрген аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.
Мерекеге қатысушы қонақтар мен демеушілер, қорғаншы, қамқоршылар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері де өз тілектерін, жүрек жарды лебіздерін білдірді.
Іс-шарада Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетіп, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ түрлі бейне роликтер көрсетіліп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан аумағындағы www.usinovite.kz сайты туралы кеңінен таныстырылды.
Мерекелік іс-шара жергілікті телеарналар мен баспасөз беттері арқылы облыс жұртшылығына таныстырылды.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы