Оңтүстік Қазақстан облысында биыл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200 бала мектеп бітірді. Олардың ішінде жоғары оқу орындарында оқуға ниет білдірген 147 түлектің 106-сы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 50-ден жоғары балл жинаған. 89 түлек облыстағы жоғары оқу орындарына, 91-і осындағы колледждерде, 20-ы республиканың басқа өңірлерінде білім алуға ниет білдірген екен. Облыс әкімдігімен меморандумға қол қойған өңірдегі жоғары оқу орындарының басшылары жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек ретінде ақысыз оқыту туралы шешім қабылдады. Бүгін сол балалар жоғары оқу орындарына жолдама алды. Оларға құрбыларынан қалмай, жоғары білім алуға мүмкіндік жасалды.
Арайлым Қадырбек, мектеп бітіруші
-Мен өте қуаныштымын. Өйткені бұл жолдама тек жоғары оқу орнына түсуге берілген жолдама ғана емес, өмірде өзімнің арманымды орындауға берілген жолдама деп ойлаймын.
Ерлан Айтаханов, ОҚО әкімінің орынбасары
-Біздің жастарымыздің келешегі зор, тәжірибелі маман болуы үшін олар терең білім алуы керек. Бұл біздің еліміздің ары қарай дамуына үлес қосу үшін керек.
Дереккөзі: Хабар арнасы