Facebook желісінде ұйғыр ұлтынан шыққан белгілі лингвист, АҚШ-тың Канзас университетінің магистрі, Шыңжаңда ұйғыр тілін оқытумен айналысатын Абдували Аюп қазақ халқына үндеу жолдады.
"Бүгін Қазақстанда ұйғырлардың қазақтың мемлекеттік әнұранын орындап жатқанын көргенде көзіме жас алдым. Бұл әнұранды орындағанда әрқашан көзіме жас келеді. Қытай астанасы Бейжіңде Наурыз мерекесі күні Қазақстаннің әнұраны орындалғанда, қазақ достарыммен бірге орнымнан тұрып орындап, сол достарыммен бірге қатты қуанған едім. Қайда болмайық, тауда да, бақта да неше жүз жылдар бойы қазақ халқының еті және қымызы, мол дастарханы айналасында бәріміз тәту-тәтті өмір сүрдік. Қазақсан өз Тәуелсіздігін алғанда барша ұйғыр халқы қазақ халқының бұл жетістігін мақтан тұтты.
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алған кезде қараңғы қыс болды. Бұл күні біз бес-алты ағайынды апалы-сіңлілердің емтихандарын ұмытып, қазақ достарымызбен жиналып, ұйықтамай түнімен бәріміз сол достарымызды тәуелсіздігімен құттықтадық.
Қазақ жерінде біздің ұйғыр халқының Зунун Қадырдың, басын қибла жаққа емес, Ұлы Жібек Жолы жағына қаратып жерлеуді өсиет еткен Ғени Батырдың қабірлері бар.
Ұйғыр халқының тәуелсіз мемлекетінің соңғы сұлтаны Алахан сұлтан салғызған құтты Сұлтанқорғанымыз бар еді. Дәл сол жерде біздің алғашқы ұйғыр қоғамымыз құрылды, алғашқы ғылыми біліміміз басталды және біз Алматыға келген зиялы қауымның бастамасымен ұйғыр деген қасиетті есімді таптық. Онда тәуелсіз республикамыздың соңғы куәгерлері, қолбасшылары және басшылары болды. Өз заманында Ресей залым басшыларының қолынан құтылып, аман қалған Назугумдің ұрпақтарын, Ғени Батырдың немерелерінен бастап, бізбен бірге Отанымызды қорғап қалады деп қазақ бауырларымызға сенетін едік. Өз тәуелсіздігін алған қазақ халқы ұйғыр халқының да егемендік алуына бірлесіп, сол күндерге бірге жетеміз деп ойлаған едік.
Мен бүгін Қазақстанның әнұранын айтып жатқан бауырларыма қарап, көз жасымды сүртіп, ойландым. Сол сәтте мен ойлаған арман, қиялдарым үшін өкіндім. Бүгінде Қазақстандағы Мемлекеттік әнұранды орындап жатқан ұйғырлар 5 шілдедегі қайғылы оқиғада Қытайдың туын көтеріп, Үрімшіде шеруге шыққан ұйғырларға ұқсады. Екі мемлекет, бір ұйғыр, ал бейнесі екі, бір мәнді.
Біз қай мемлекетте өмір сүрмейік, неге біз әрқашан адалдығымызды білдіруіміз қажет? Неліктен басымызға күн түскенде адалдық шеруін оқып, адалдық туын көтеруіміз керек? Ақ-қара нәсіл арасында қайшылық болған Америкада, Францияда француз-мұсылман қақтығысы болған кезде, аздаған қара нәсілді адамдар мемлекеттік әнұранды оқымайды және өздерінің берілгендіктерін білдірмейді, бірақ неге біз тек талап етілмеген нәрсені ғана жасауымыз керек? Неліктен Түркиядағы ұйғыр элиталары түрік ұрандарына көбірек көңіл аударады? Бұл адалдықтың бір түрі ме? Не үшін біз әрқашан адалдығымызды дәлелдеуіміз қажет?
Егер Қытай ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзбек, татарларды лагерьлерде түрмеге отырғызу арқылы мемлекеттік шеруді үйретуге мәжбүр етсе, Қазақстандағы дауыл кезінде тағы да солай етуге мәжбүр болсақ, онда біз өз елімізде тұрып жатқандай сезінбейміз!
Сонымен біз төлейтін салық нені білдіреді? Бұл елді салу үшін төгілген қанның құндылығы неде? Қазақстандағы ұйғыр зауыты, ұйғыр базары, ашылған ұйғыр бизнесі біздің адалдығымызды дәлелдеуге жеткілікті емес пе? Үрімші мен Алматы арасындағы сауда-саттықты Қазақстанда дамытқан бай ұйғырлар өз ақшаларын Қазақстанға инвестиция салмай-ақ , Құлжа, Қашқар және Үрімшіге салған ба? Ол ақшаны Қашқардағы Хайтуға және Артуч қаласындағы Сутук Бұғрахи мешітіне Қазақстанға берместен жұмсады ма? Бұл адалдық емес пе? Бай ұйғырлардың Қазақстанға өз отандарынан доллармен көшіп келгені өкінішті емес пе?
Біз ұйғырлар ешқашан қазақтармен ұрысқан емеспіз, біз оларды тарих бойы қорғағанбыз, жаудан бірдей қорғанғанбыз, олармен ұлттық қақтығыс болған емеспіз. Коммунистік партия қазақ аймағындағы ұйғырлардың орталығы – Құлжаны қазақ халқына облыс орталығы етті, біз ешқашан бізден аз болған қазақ бауырларымызды таққа (тауға) қумадық, керісінше, бізден неше есе күшті қытайдарды қуып, ұрып, өлтірдік, бізді де қырды, шерулерге шықтық біз мойсынбадық. Қашқарға барған мыңдаған қазақ сол жерге тұрақтанды, оларды біз итерген жоқпыз. Біздің ауданда Қазақ деген ауыл бар, бірақ біз ол ауыл атын өзгерту үш ұйықтасақ түсімізге кірген жоқ. Ұйғыр сыныбы оқитын оқулықтарымызда Таңжарық Жолдыбаевтің өлеңдері берілген, ұйғыр университитетінда қазақша сабақ өтетін профессорлар бар еді, біз оларды алып тастауды, алмастыруды, қуып шығарып тастауыны талап еткен жоқпыз!
Қазақ бауырларым, сіздерге не болған???" делінген Абдували Аюп жазбасында.
Пікір қалдыру