ТМД елдерінің құпиясы бір...

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 24-25 қазан күндері Минскіде өтетін Жоғары экономикалық кеңестің және Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

 Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Қазақстан Кеден одағының өзекті проблемалары мен даму перспективаларын талқылауға ниетті.Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшелері мен қызметкерлеріне байланысты және 2012 жылғы комиссия бюджетінің орындалуына қатысты маңызды шешімдерге қол қою жоспарлануда», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің күнтәртібінде 14 мәселені талқылау көзделіп отыр. Отырыс қорытындысы бойынша маңызды құжаттарға, оның ішінде құпия ақпараттарды қорғау, жемқорлыққа қарсы тұру бойынша мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімдер бар.

«Мемлекет басшыларының басты назарында ТМД аумағында 2015 жылды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы деп жариялау және Ұлы жеңістің 70 жылдығын мерекелеу бойынша басқа да бірлескен шаралар болмақ», - ресми өкіл.

Бұдан бөлек, А.Әбибуллаевтың атап өтуінше, Минскідегі Президенттер кездесу қарсаңында, яғни 24 қазан күні ҚР СІМ Ерлан Ыдырысов және ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің қатысуымен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі мен Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысын өтуі жоспарланған.

"ҚазАқпарат"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар