Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Жадыра Жаппарова өзінің күйеуі деп таныстырған Абдукаимов Алжан Хайырбекұлының жазықсыз сотталғанын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады.
Алжан Хайырбекұлы қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1, 4-тармақтары бойынша (алаяқтық) 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
"Мен екі баланың анасымын. Үлкен қызым қазіргі уақытта ДЦП-мен ауырып жатыр. Жолдасым Алжанның әкесі инсультпен ауырады және бірінші топтағы мүгедек. Менің жолдасым қазір түрмеде отыр. 25 тамыз күні сот болады. Сізден (президент Тоқаев – ред.) сұрайтыным, менің күйеуімнің ісін өз бақылауыңызға алсаңыз. Ол қазір жазықсыз түрмеде отыр. Мен әділдіктің барына сенемін. Әділдік орнайды деп ойлаймыз. Кінәсіз екенін дәлелдейміз. Бізге бір мүмкіндік берсеңіздер екен. Айғақтарды көрсетіп, дәлелдеу үшін бір мүмкіндік берсе жеткілікті. Біз сотқа да, прокуратураның қызметкерлеріне де сенбейміз. Біздің ісіміз қараусыз қалды. Осы видеоүнденден басқа ештеңеге үміт арта алмаймыз. Бізге бір мүмкіндік берсеңіздер, біз дәлелдеп шығамыз " делінген видеода.
"Қамшы" редакциясына хабарласқан екі баланың анасы 25 тамыз күні болатын сот отырысында жолдасының кінәсіз екенін дәлелдеу үшін соттан айғақтарды ұсынуға рұқсат етуін сұрайды.
Алжан Абдукаимовтың сот залында өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан видеосы.
Іске қатысты барлық деректерді Жадыра Жаппарованың Youtube арнасынан көре аласыздар.
Пікір қалдыру