Vesti.kz спорт порталының хабарлауынша, Қазақстандық боксер Қанат Ислам доминикандық Базилио Силваны нокаутқа жіберіп, кәсіби рингте қатарынан 16 рет жеңіске үстем болды.
Жұдырықтасу Доминикан республикасында өткен болатын. Біздің боксшы ұрыс басталғаннан-ақ басымдылық көрсетті. Төртінші раундта Қанаттың қарсыласы нокдаунға түссе, алтыншысында реферлер техникалық нокаутты айқындады.
Қанат 1984 жылы 13 қыркүйекте Қытайдың Синьцзянь-Ұйғыр автономиялық аймағында дүниеге келген. 2010 жылы ол Қазақстанға тұрғылықты орналасқан. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бүгінде ол отбасымен Алматы облысының Қарасай ауданында тұрады.
Кәсіби боксқа 2012 жылдың қыркүйегінен бастап араласқан. Қазіргі уақытта Американың Флорида штатында Pahokee базасының негізінде жаттығып жүр.Бірінші орта салмақта жұдырықтасады. Кәсіби бокста ешқашан жеңіліп көрмеген. 16 ұрыстың 14-ін нокаутпен аяқтап отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам 29 қараша күні колумбиялық Эмилио Хулионы нокаутқа түсірген болатын.
qamshy.kz
Пікір қалдыру