Қостанай облысының әкімі қазақ тілін үйренуге уәде берді

/uploads/thumbnail/20170708151106291_small.jpg

information_items_26938

Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов қазақ тілін үйренуге уәдесін берді. Бейсенбі күні Астанада өткен баспасөз-конференциясында шенеунікке облыстың тек әлеуметтік-экономикалық жетістіктері жөнінде ған емес, одан өзге де  сұрақтарға  жауап беруге тура келді, деп хабарлайды   NewTimes.kz сайты.

Журналистің әкімге: "қашан қазақ тілін үйренесіз" деп қойған сұрағына Садуақасов былай деп жауап берді: "Мен орысша-қазақша аралас мектепте оқығанмын. Институтты орыс тілінде бітіріп шықтым. Өзім бұрын жұмыс жасаған аудандарда  тек орыс тілінде қатынасуға тура келді. Маған уақыт беріңіздер".

Аудан басшысы қазіргі уақытта Қостанай облысында қазақ ұлтының үлесі  38 пайызға жеткендігі жөнінде айтты. Бұдан алдыңғы жылдары ондағы қазақтардың  үлесі тек 19 пайызды алған. Баспасөз-конференциясы барысында әкімге бас-аяғы 30-ға жуық сұрақ қойылды. БАҚ өкілдерін қазіргі таңдағы Қостанай облысының жолдары, инвесторлық жобалардың іске асуы, мектеп, балабақша жағдайы, халыққа мекен-жай бойынша қызмет көрсету мәселелері жөнінде мәлімет алды. Сонымен қатар, Нұралы Садуақасов жеке өзі блокқа жауап береді ме, азаматтардың арыздарын тыңдау үшін қабылдайды ма, Қостанайда халыққа еңбегі сіңген қайраткерлерге ескерткіш салу жолға қойылған б?- деген сауалдар қойылды.

Нұралы Садуақасов Қостанай әкімі болып 2013 жылы 20 қаңтарда Сергей Кулагиннің орнына бекітілген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар