Мемлекеттің қарамағындағы компаниялар еліміздегі жеке бизнестің дамуына толыққанды мүмкіндік бермейді. Астанадағы кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры Нұрлан Құлбатыров осылай дейді. Оның айтуынша, мұндай компанияларды сенімді жеке инвесторлардың қолына өткізу керек. Бұл туралы Қамшы порталы Baq.kz –ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде жекешелендірудің екінші толқыны жүріп жатқаны белгілі. Осы науқан аясында республика аумағындағы мемлекеттік нысандардың біршамасы сатылымға қойылды. Сарапшылардың айтуынша, бұл әдістен мемлекет еш ұтылмайды және халық та зиян көрмейді.
«Біріншіден, жекешелендірудің екінші толқынында біз әлемдегі ең үздік тәжірибелерді ескердік. Атап айтқанда, «Yellow Pages» деп аталатын қағидалардың қолданылуы. Екіншіден, жекешелендіру кезінде транспорентті жүйені қалыптастыру. Мәселен, мемлекеттік мүлік реестрі жанынан алаң құрылады. Соның арқасында, сатып алушы мен сатушы арасындағы қарым-қатынасты толық қадағалауға мүмкіндік туады», - деді Нұрлан Құлбатыров.
Оның айтуынша, жекешелендіру үрдістерін іске қосу мақсатында Үкіметпен компанияларды бәсекелес ортаға беру үшін келесі тәсілдер ұсынылған:
1. Кейбір ең ірі активтер тікелей сату жолымен немесе IPO және SPO тетіктері арқылы қор нарығына шығару жолымен стратегиялық инвесторларға, оның ішінде 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңына (AIFC) іске асырылады;
2. Басқа компаниялар аукционда немесе компанияларға жеке инвестор қатысуы бар болса, тікелей сату тәсілдерін пайдалану арқылы сатылады.
Айта кетейік, аукционда сату кезінде сауда-саттық санына шектеу қойылады. Бірінші сатылым ағылшын әдісі бойынша бағаны көтеру арқылы жүргізіледі. Егер объект қызығушылық тудырмаса, онда екінші және үшінші сауда голландтық тәсілмен бағаны түсіру арқылы жүргізілетін болады. Үш рет сауда жүргізгеннен кейін сатып алушылар болмаған жағдайда, объекті таратылуға жатады.
3. Жалғыз талап – бәсекелестік ортаға берілетін компаниялардың сатылатын активтерінің қызмет бағытын сақтау болып табылады.
4. Жақсы активтердің сатылып, ал аз қызығушылықты тудыратындары мемлекетте қалу жағдайын болдырмас үшін, бөлшектеусіз, қайта құрылымдаусыз немесе жеке бөлікке бөлусіз объектілерді сатуды қамтамассыз ету ұсынылады.
Алдынғы жылдардағы жекешелендірудің тәжірибесін ескере отырып, Үкімет процестің барынша айқындығын және тиімділігін қамтамасыз етуге ниеттенеді.
Пікір қалдыру