Сәуле Әбілдаханқызы: Атымыздан бұрын, затымызды өзгертейік

/uploads/thumbnail/20170708151206437_small.jpg

    Мемлекеттің аты екі сөзден тұрғаны дұрыс емес деп ойлаймын. Қазақияны құп көремін. (Англия, Россия, Германия, Голландия Моңғолия...т.б.) "Қазақ елі" дегеннен гөрі Қазақия ұнайды. Бірте-бірет құлаққа сіңер еді. Немесе Қазақстан болып қала бергенін қолдаймын. Пікірталастан соң туған ой: Ақыры мемлекетіміздің атауын екі сөзден құрасақ, онда Қазақ мемлекеті, Қазақ республикасы, тіпті үш сөзден - Қазақ Ұлттық Республикасы деп атасақ та көңілге қонымды. Елбасының ұлттық идеясының іс жүзіндегі ең үлкен көрінісі болар еді. Дегенмен, атымыздан бұрын, ең алдымен затымызды өзгерту керек... Өзгеруі қиын елміз ғой...

   "Қазақ Мемлекеті - Казахское государство - салмақты, сауатты атау. Өз алдымызға дербес мемлекет екенімізді айқындап тұрады. Ал қазақ елі - бір мемлекеттің ішіндегі әйтеуір бір кіші-гірім ел сияқты... мысалы "біздің мемлекетімізде орыс ұлты, өзбек жұрты,.....қазақ деген ел бар...осындайлар мекендейді" деген сияқты болып шыға келеді... Ал Қазақ мемлекеті - қазақ елінің, қазақ ұлтының дербес мемлекеті екенін көрсетіп тұрады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар