Қазақстанда жекеменшік түрме бар ма?

/uploads/thumbnail/20170708151206703_small.jpg

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров Қазақстанда алғаш рет жекеменшік түрме салынып жатыр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын мәлім етті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат

"Мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаты бойынша Қарағандыда алғашқы рет 1500 орындық түзеу мекемесі салынуда. Оған білуімше, 37 гектар жер бөлінген. Телеарналардың бірінде жекеменшік түрме салынып жатқандығы туралы сюжет берілді. Біле білсеңіздер, бұл шындыққа жанаспайды, бұл жерде әңгімеге жекеменшік түрмелердің еш қатысы жоқ»,- деді Қарағанды облысының ІІД жеке құрамымен болған кездесуде Н. Әбдіров.

- МЖӘ қағидаты бойынша салынған түзеу мекемесінің мәртебесі жекеменшік болмайды, - деп атап өтті ол.Әбдіров мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаты нені қамтитынын түсіндіріп берді."Мемлекет стандарты нақты белгіленген түзеу мекемесінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейді және бизнестің қаржысын құрылыс салуға тартады», - деп қосты ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар