Қаржылық мониторинг агенттігі бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысын шығарды.
Агенттік қаржылық мониторинг органдарының қызметі қылмыстық қудалау орбитасына адал бизнесті негізсіз тартуға жол бермеуге бағытталғанын мәлім етті.
"Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде мемлекеттік органдардың бизнес қоғамдастықпен өзара іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған 36 ақпараттық жүйе енгізіліп, жаңғыртылды. Бюджет қаражатын жұмсау мониторингі шеңберінде құны 300 млрд теңгеден асатын 35 мемлекеттік жоба бойынша ЖСҚ-да бағаны негізсіз көтермелеуі анықталды. Агенттіктің бастамасы бойынша олардың құны 45 млрд теңгеге төмендетілді. 19,2 млрд теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Пікір қалдыру