Дональд Трамп Республикалық партия атынан АҚШ-тағы президент сайлауына үміткер ретінде тіркелді. 2400 делегаттың жартысынан астамы Трампты кандидат ретінде ұсынуды қолдаған.
Ішкі партиялық сайлауда Трамп бәсекелестерін басып озып, Республикалық партия атынан үміткер ретінде ұсынылды. АҚШ президентінің сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасына белгіленген.
Айта кетейік, екі күн бұрын ел алдында сөйлеп тұрған Трампқа қастандық жасалып, құлағын оқ сырып өткен еді. Оқиға салдарынан кездесуге келген бір адам көз жұмып, екеуі жараланған болатын.
Пікір қалдыру