Шекаралық ынтымақтастықты ілгерілету жолында

/uploads/thumbnail/20170708201005661_small.jpg

Қорғастағы көлік-логистикалық активтер Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуда аса маңызды рөл атқарады

Кеше «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық айма­ғының нысандарында, Алтынкөл стансасында, Шекаралық ын­тымақтастық жөніндегі халықаралық Қазақстан-Қытай орталығында (ШЫХО) болды.

Сапар барысында даму жо­ба­ларының жүзеге асырылу жайы, әлемдегі аса ірі логистикалық ком­паниялардың бірі – Dubai Pоrt World-тың бірлесіп басқа­р­у­ын­дағы Құрғақ порты арнайы экономикалық аймағының ағым­дағы операциялық қызметі мәсе­лелері қаралды.

Құрғақ порты жобасының ая­сын­да контейнерлік алаңқай, темір­жолдың нысандарға келу тармақ­тары, қойма ғимараттары салынғаны атап өтілді.

Құрғақ порты 2 айдан бері операциялық жұмыстармен айналысып жатса, өткен уақыт ішін­де 10 мыңнан астам жиырма фут­­тық эквивалентті (ЖФЭ) өңдеу­ден өткізген, тасымал тара-ыдыс өнім­дері де белсенді өңделу үстінде.

Еуропалық одақ елдерінен ҚХР-ға және ҚХР-дан Еуразия құр­лығы нарықтарына автомо­биль көлігімен тасымалдау ұйым­дас­тырылуда. Әлемнің жетекші көлік-логистикалық орталықтарында оқу-тағылымдамадан өткен жер­гілікті персоналды тарту есебінен қызметкерлер штаты жасақталған.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» ар­найы экономикалық аймағында өңделетін тауарларды Алтынкөл стансасы арқылы транзитпен тасымалдайтын контейнерлік пойыздар жасақтау үшін Hewlett Packard, DB Schenker, Toyota, FESCO, BRAVIC компанияларымен келісімге қол қойылды.

«Қорғас» ШЫХО-да экс­порт­тық-импорттық сауда операцияларын, сондай-ақ, келісімшарттық логистикалар қалыптастыру бойынша 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыру басталды. Тағы 10 жоба қарастыру қарсаңында тұр. Бірінші кезектегі инвестициялық жобалардың жалпы көлемі 300 млн. доллар.

Кеңес барысында, сондай-ақ, Нұркент елді мекені базасында жаңа қала салудың бірінші кезегі бойынша бас жоспар жобасы, аяқталуы 2016 жылға жоспарланып отырған Алматы – Қорғас автомобиль жолы құрылысы жобасын жүзеге асыру жайы қаралды.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жат­қан жобалар Қазақстанның тран­зиттік-көліктік әлеуетін дамытуға қуатты серпін беріп, Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуін қалыптастыруға толық көлемінде ықпал етуге мүмкіндік туғызатын болады, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың баспасөз қызметі.

Дереккөз: Егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар