Қарағанды облысының бірқатар тұрғындары өз өмірлеріндегі ең күрделі мәселелер бойынша «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауынан материалдық және консультативтік көмек алды.
Партия жақында халықаралық байқаудан бірінші орын алған жас әншінің байқауға қатысуына жағдай жасап, қаржыландырды, ал кеше партия мүгедек адамның жұмысқа орналасуына көмектесті.
Соңғы жылдарда «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауының адам проблемаларына мән берудің тиімді жүйесіне айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Бұл мемлекеттік құрылымдар мен азаматтардың арасындағы маңызды бөлік болып отыр. Әрбір қазақстандық, әсіресе алыс ауылдарда тұратындар өзінің проблемаларын шешіп беруді айту үшін басшысына немесе басқа басқармалардың басшылығына тез кіріп-шыға алмайды, сол үшін бірнеше сағат уақытын жоғалтады, ал«Нұр Отан» партиясы болса осы екі арадағы кедергіні жоятын, күрделі жағдайды шешуге мүмкіндік жасайтын көпір.
Партияның Қарағанды облыстық филиалында және аудандық бөлімшелерінде жұмыс істейтін қоғамдық қабылдаулар әртүрлі тұрмыстық маңызы бар мәселелерді шешуге көмек көрсетеді. Мысалы, Жезқазған қаласының тұрғыны Зәуре Қоңырқұлжинова «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына барып, жетінші сыныпта оқитын ұлы Райымбек Арыстановты Туапсе қаласында өтетін «Лучший из лучших» атты IV халықаралық конкурс-фестивальға баруына жағдай жасап, материалдық көмек көрсетуін сұрады.
– Менің ұлым эстрадалық әндер бойынша Мәскеуде өткен вокалистердің ріктеу турында жүлделі орын алып, халықаралық конкурсқа жолдама алды. Райымбек кішкентай кезінен ән айтады, әртүрлі мектептерде болатын, қалалық, облыстық шараларға, халықаралық конкурстарға қатысады. 2012 жылы ол Түркияда, ал былтыр Мәскеуде өнер көрсетті. Ол өте ширақ бала, оқу озаты, дейді Зәуре Талғатқызы.
Райымбектің анасы ұлын конкурс-фестивальға жіберуге жетпей тұрған 100 мың теңге сұраған екен. Партиялықтар бұл өтінішті дереу қарап Зәуре Қоңырқұлжинова сұраған ақшаны берді. Бала сенімдерін ақтады – ол «Эстрадалық вокал» номинациясының І дәрежелі лауреаты атанып, жүлде алып келді.
– Біз ұлымыз екеуміз «Нұр Отан» партиясы филиалының көрсеткен көмегіне алғыс айтамыз! Райымбек шет елде Қарағанды облысының атынан халықаралық байқауда ән айтып, жеңімпаз атанды. Менің ойымша, осындай байқауларда балалардың мінезі, лидерлік ұстанымы қалыптасады, өзін өзі жетілдіруге ықпал етеді. Оның үстіне, бұл әлемді көріп, тәжірибе жину үшін ең жақсы мүмкіндік. Осы мүмкіндікті бізге «Нұр Отан» партиясы берді. Үлкен рахметімізді айтамыз! – деп ойымен бөліседі Зәуре Қоңырқұлжинова.
Осы жеңістен кейін жас өнерпаз Райымбек өнерге біржолата бет бұруға, өмірін шығармашылыққа арнауға бел байлады.
Мұндай байқауларға қатысу оңай емес. Әр елдерден жиналған қатысушылардың ішінде кілең мықтылар болады. Алайда, ата-анамның қолдауымен және партияның қаржылай көмегі арқасында мен жеңіске жеттім! – дейді Райымбек Арыстанов, – мен әлі де ән айтумен айналыса беремін, байқауларға қатысамын. Менің анама рахмет! «Нұр Отанға» және менің шығармашылық жетекшіме рахмет!
Қарағанды облысында екінші топтағы мүгедек те партия тарапынан қолдау тапты. Бұқар жырау ауданындағы Ботақара ауылының тұрғындарымен кездесу жасаған «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспановаға өтініш жасаған Ерболат Қыздарбеков алты айдан бері жұмыс таба алмай жүргенін айтты. Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары сол жерде жұмыспен қамту орталығымен байланыс жасап бірқатар құрылымдардағы ваканттық жұмыс орындарын анықтады. Бір сағаттың ішінде мүгедек аудандық бөлімнің тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығының, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарының диспетчері болып жұмысқа орналасты.
– Мен сияқты мүмкіндіктері шектеулі көптеген азаматтарға жұмыс табу өте қиын. Адам жұмыс істеп жүргенде өзінің мүмкіндіктерін пайдалана алады. Мені жұмысқа орналастырған «Нұр Отан» партиясына өтініш жасағаным өте ақыл болды, қатты қуанып отырмын, – дейді ризашылығын білдірген Ерболат Қыздарбеков.
Осы ауылдың тағы бір тұрғыны, бес баланы бағып отырған жалғыз басты әке Бақтыбай Қазбеков, оқушы үш баласын мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етуді сұрап партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарына өтініш жасаған екен. Бұл мәселені шешу де ұзаққа созылған жоқ – партиялық «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетіліп, жарты сағаттың ішінде оған барлық мектеп жабдықтарын
– Көз жасымды әрең тежеп қалдым. Бес баланы жалғыз асырау оңай емес. Партиялықтар маған үлкен көмек көрсетті. Ең бастысы – олар менің балаларыма қуаныш сыйлады, қазір олар партия сыйлаған фломастерлермен сурет салады, пенал, сызғыш, пластилин, аспалы сөмкелерді пайдаланып жүр. Осының өзі бізге нақты, жедел және ең бастысы, жанашырлықпен және сыйластықпен көрсетілген қамқорлық, – дейді жалғызбасты әке Бақтыбай Қыздарбеков.
Дереккөз. Айқын-ақпарат