Қазақстанда тағы екі микроқаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылды

/image/2024/10/04/crop-14_3_712x1266_snhnibua.jpg

Bravo Microfinance және CashCapital микроқаржы ұйымдарының лицензиясы нормативтерді немесе өзге де міндетті нормалар мен лимиттерді бұзып, уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамағандықтан уақытша тоқтатылды.

Egov-тың мәліметінше, Microfinance MFO ұйымы Меруерт Хамитова мен Асылбек Әбділхайға тиесілі Bravo Group компаниясының басқаруында. Компания 2019 жылдың қыркүйегінде Астанада тіркелді. Оның алғашқы басшысы – Артем Котелкин. 

Ал CashCapital MFO Joint Logistics логистикалық компаниясына иелік ететін Аяз Темірғалиевке тиесілі. Бұл микроқаржы ұйымы елімізде 2021 жылдан бері тіркелген.

Ұлттық банктің дерегіне сенсек, Bravo Microfinance 2024 жылдың 5 қыркүйегінде 732 миллион теңге активімен 221 ұйымның ішінде 88-орынды иеленді. Ал CashCapital құны 200 миллион теңге активімен 204-орынға тұрақтады. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар