Жолбарыстың ізімен

/uploads/thumbnail/20170708201141944_small.jpg

Жедел индустриялық модернизациялау бағдарламасын жүзеге асыруды үкімет мемлекеттік сектордың көш басшысы – «Самұрық-Қазынаға» сеніп тапсырды. Өзінің қарамағына 600 компанияны біріктірген еліміздің ең ірі холдингі осы бағдарламаның негізгі орындаушысы. Оның тікелей қадағалауымен белгілі жобаларға негізінен нақты технология мен ноу-хауға ие шетел компаниялары ғана тартылды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Жолдауында қойылған талаптарға сәйкес бүгінгі күні ең заманауи ноу-хауын енгізген шетел компаниясы ғана Қордың келісімшартына, жеңілдігіне және пұрсатына қол жеткізе алады. Мемлекет осылайша әлеуетті шетелдік серіктестерімен келісе отырып, әлемге әйгілі «инвестицияны технологияға айырбастау» қағидасын қолданады.

Астана таңдаған жол тың сүрлеу емес. Егер тарихқа үңілсек, өз кезегінде Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия экономикасын жаңғыртқан болатын. Жаңа заманауи кәсіпорындардың басым көпшілігін салуға, қатарға қосуға мемлекет өзінің барлық басқару және қаржылық ресурстарын аямай салды. Кейін жылдар өте келе жаңа кәсіпорындар жеке адамдарға сатылды. Тәжірибе көрсеткендей, «Оңтүстік-Азия жолбарыстарының» индустриалды-техникалық деңгейі бар жоғы 20-30 жыл ішінде алдыңғы қатарлы Батыс елдерінің дәрежесіне жетті. 
Қазақстанның мемлекеттік холдингі «Самұрық-Қазынаның» негізге алған тәжірибесі «Оңтүстік-Азия жолбарыстарының» экономикасының озық дамуын қамтамасыз еткен модельдің жалғасы. Бұл модель қарапайым. Қорға біріккен алдыңғы қатарлы ұлттық компаниялар өз саласында жай ғана жұмыс істеп қоймайды. Олар сондай-ақ мемлекеттің ұзақмерзімді стратегиялық мүддесі негізінде экономикада белгілі бір тренд қалыптастырады. «Самұрық-Қазына» қоры экономиканың бәсекеге қабілеттілігін инновациялық дамыту арқылы көтеруде және белгілі бір секторларды ынталандыруда малайзиялық «Казанах» мемлекеттік холдингімен бірлесіп әрекет етуде. 
Бұдан басқа, қордың қызметі экономикалық және әлеуметтік ахуалдарға әсер етуі мүмкін жағымсыз сыртқы факторлардың алдын алуға бағытталды. Бұл факторға бірінші кезекте жаһандық дағдарыс жатады. Бастапқыда холдинг Астананың дағдарысқа қарсы стратегиясының негізгі құралы ретінде рөл атқарды. Мемлекет оның құрылымдары арқылы экономикаға «қолмен басқаруды» енгізді. Сол арқылы кең көлемді кезек күттірмес мәселелерді, атап айтсақ, нарықты қарыздан тазарту, қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік нарығын жандандыру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне қолдау көрсету, қарызы бар банктерді құтқару сынды мәселелерді шешті. Бұл ең қиын кезеңде экономиканың дамуын сақтауға және әлеуметтік шиеленістен құтылуға мүмкіндік берді. 
Инновациялық дамуда Қазақстан өзінің мықты жақтарын, яғни базалық салалардың әлеуетін барынша қолдануға тырысты. Қуатты металлургия қорытуды, дамытуды, заманауи мұнай-химия өндірісін және қайта өңдеу индустриясын салуды қолға алды. Нәтижесінде еліміз шикі мұнай, металл және астықты ғана экспорттамайды, сондай-ақ октаны жоғары жанар-жағармайды, полимерді, азық-түлік өнеркәсібінің өнімдерін шетке шығаратын болады. Сонда темір кені шикізатын экспорттаудан дайын металл конструкциялар мен темір прокатын кең көлемде экспорттауға көше алады. Ал астық экспортынан – қайта өңдеуден өткен азық-түлік өнімдерін экспорттауға көшуге болады. Қазақстан қандайда да бір саланы нөлден бастауға және сол салалардағы әлемдік көшбасшылармен «күш сынасуға» тырыспайды. Ол модернизацияны дамыған, мықты салаларда жүргізеді. «Самұрық-Қазына» қоры белгілі бір жерге стратегиялық инвестиция құйып, қолданыстағы өндірістерді жаңғыртады. Жаңа өндіріс орындарын ашады. 
Нәтижесінде не болады? Қажетіне қарай ондаған жаңа кәсіпорындарды қатарға қосу арқылы және қолданыстағыларды модернизациялау арқылы заманауи, постиндустриалдық типтегі экономика қалыптасады. Оның басты айырмашылығы сол, зауыт пен фабриканың өзі емес, олардың қазіргі ең озық технологиялар мен ноу-хауды қолдануды қамтамасыз ете алуы және инновацияларды пайдалануға қабілеттілігі негізгі құндылық болып саналады. Технологиялар нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, бағасы жоғары өнімді жасау арқылы өзінің шығындарын барынша азайтуға мүмкіндік береді. 
Мәліметтерге сүйенсек, 2013 жылы Қордың сомасы 101 млрд доллар тұратын 157 инвестициялық жобасы болған. Оның ішінде жалпы құны 54 млрд долларды құрайтын 74 жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобалардың басым көпшілігі өнімнің қосылған соңғы бағасына және соңғы шегінің деңгейін көтеруге бағытталған. Бұл жобалар Қазақстанға металлургиялық жарты фабрикаттарды емес, сонымен бірге дайын бұйымдарды, мұнай мен газды ғана емес, жоғары сапалы жанар-жағармайды және авиациялық отынды экспорттауға мүмкіндік береді. 

Дереккөз: Жас қазақ

Қатысты Мақалалар