Астанадағы «жылы» аялдамалар алғашқы суыққа шыдас бермеді

/uploads/thumbnail/20170708201142631_small.jpg

Есілдің сол жағалауындағы аудандарға жақында орнатылған «жылы аялдамалар соңғы күндердегі суыққа шыдамай қирай бастады. Бұл туралы «Қамшы»  ақпараттық порталы informburo.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Астана әкімдігі жер-көкке сыйғызбай мақтаған аялдамалардың алдымен есіктері істен шыққан. Сырғып ашылатын есіктердің рельстері қысылып қалғандықтан жабылмай, айқара ашық жатыр.

«Жел жоқ демесең, температура далада қандай болса мұнда да сондай. Алдағы қақаған қысқа мына үйшіктердің төтеп бере алатынына сенім» жоқ дейді тұрғындар.

Астана көшелеріне құны 10 миллион теңгеге бағаланған мұндай аялдамаларды орнату қазан айында басталған болатын. Жыл соңына дейін әкімдіктегілер барлығы 55 осындай аялдама кешені қойылады деп жоспарлануда.

 

 

Қатысты Мақалалар