"Қазавтожолдың" бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды

/uploads/thumbnail/20241218150641964_big.webp

Астанадағы сот "Қазавтожол" компаниясының экс-басшысына үкім шығарды. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, істе екі адам айыпталған. Олардың бірі – "Қазавтожол" басқармасының бұрынғы төрағасы.

Тергеу барысында М. және Ж.-ның 2000 жылдардан бері таныс екендігі анықталған.

“М. 2017-2019 жылдары Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2019-2021 жылдары облыс әкімінің орынбасары болған және автомобиль жолдарындағы, оның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірдегі "Жақсы-Есіл-Бузулук" автожолындағы мәселелер туралы білген.

2019 жылы М.-ны облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған кезде "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Ақмола филиалы мен Ж. тұлғасында "Асыл-ЖАС" ЖШС арасында осы көпірді жөндеу бойынша 2,2 миллиард теңге сомасына сатып алу туралы шарт жасалды. Сотта ақша мердігерге аударылмағаны анықталды”, – делінген хабарламада. 

М. 2021 жылғы сәуірде "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

“2021 жылғы 16 маусымда тапсырыс берушінің бастамасы бойынша шарт бұзылып, мердігер атынан "Асыл-ЖАС" ЖШС оның әрекеттерін сот тәртібінде дауламаған. Ал шілде-тамыз айларында Ж. және мүдделі тұлғалардың қатысуымен кеңес ұйымдастырып, онда "Асыл-ЖАС" ЖШС-мен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу туралы мәселеге бастамашы болған. Мұндай кеңесті өткізуге негіз жоқ еді. Ж.-дан ешқандай жазбаша өтініші түспеген”, – делінген хабарламада. 

“ҚК 189-бабы 4-бөлігінің санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Жаза тағайындау кезінде сот сотталушылардың әрекеттерінде М. және Ж.-ның жазасын жеңілдететін мән-жайларды ескерген: ол жас балалардың болуы және соттылықтарының болмауы”, – деп шешім шығарды сот. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар