«Сатира – қылмыс емес!»: Темірланды қолдап пикетке шыққан белсенділер ұсталды

/uploads/thumbnail/20250123142430467_big.webp

Алматыда белсенді Ақторғын Ақкенжебаласы Темірлан Еңсебекті қолдау мақсатынжа жеке пикетке шықты.

Бұған дейін бұл акция Рус Бикетов, Әсем Жапишева және Ақмарал Жәкібайлар Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының алдында өткізген. Белсенділер «Сөз бостандығы – бар болу құқығы» және «Сатира – қылмыс емес!» деген жазуы бар плакат ұстап шыққан. Олар қамауға алынған белсенділерді босатуды талап еткен болатын.

Қоғам белсендісі Абзал Достияр бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісінде оған Қостанай қаласының тұрғыны, белсенді азамат Сергей Зинченко хабарласып, Темірланның бостандығын сұрағаны үшін, өзін полицейлер ұстап әкеткенін айтқан.

         Сергейді бүгін Қостанайда өз киіміне «Сатира – қылмыс емес» деген жазу жазып, алаңда тұрған жерінен полиция ұстап әкеткен еді. Ол екі айға қамалған Темірлан Еңсебектің бостандығын талап еткен.

Сергейдің сөзінше, ол қазір сотты күтіп отыр. Оның үстінен Әкімшілік Кодекстің 488-ші бабының 7-тармағы бойынша іс қозғалған. Сот отырысына Ғалым Нұрпейісов және «Қадыр –Қасиет» қорының бақылаушылары қатысады» дейді Абзал Достияр.

Еске салсақ, сенбі 18 қаңтарда QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек екі айға қамауға алынған болатын. Ол «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» жөніндегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабын бұзды деп айыпталуда

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар