АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі еуропалық шенеуніктерге Пасха мерекесіне (20 сәуір) дейін Украинада атысты тоқтатуға қол жеткізгісі келетінін айтты.
Агенттіктің жазуынша, Батыс шенеуніктері соғыс қимылдарын 20 сәуірге дейін тоқтату жоспарын тым амбициялы және мүмкін емес деп санайды. Bloomberg ақпарат көздерінің бірі бітімге келудің нақты мерзімі сәуір емес, 2025 жылдың соңы болуы мүмкін екенін атап өтті.
Алдағы келіссөздер аясында Еуропа елдері Украинаға әскери көмектің жаңа ауқымды пакетін әзірлеп жатыр. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, жоспардың егжей-тегжейлері 2025 жылдың 23 ақпанына дейін жарияланбайды. Бұл күні Германияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді. Осылайша, саясаткерлер дауыс беру алдында дау-дамайдан аулақ болады, дейді агенттік.
Еуропалық көшбасшылар Украинадағы жағдайды талқылау үшін кездеседі
Қаңтар айының соңында украиналық Strana.ua басылымы Дональд Трамптың Ресей-Украина соғысын тоқтатуға арналған 100 күндік жоспарын жариялады. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, атысты тоқтату 20 сәуірде жариялануы мүмкін, ал бітімгершілік конференциясының декларациясы 9 мамырда дайындалады деп болжанған. Ешбір тарап бұл құжаттың шынайылығын растаған жоқ.
Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі БАҚ-та соғыстың аяқталуы мен келіссөздердің басталуының нақты күндері туралы жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді.
Пікір қалдыру