ҚҚС-тың өсуі жалпы капитал нарығына әсер етпейді

/uploads/thumbnail/20250218140844068_big.webp

Еуразиялық биржалар федерациясының бас хатшысы Константин Сароян Joining Tabadul Hub халықаралық конференциясында Еуразияның қор нарықтарындағы өтімділікті арттыру жолдары туралы айтты.

Оның айтуынша, ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі жалпы капитал нарығына әсер етпейді. Алайда, ол жекелеген компаниялардың қызметіне әсер етуі мүмкін. Ал салықтың жалпы деңгейі көтерілсе, бұл листингтелген компанияларға айтарлықтай ықпал етеді деген сөз емес. ҚҚС мөлшерлемесінің артуы барлық салаларға әсер етеді, бірақ капитал нарығына тікелей қатысы жоқ.

Сондай-ақ ол өтімділікті арттыру үшін инвесторлардың қаржылық сауаттылығын көтеру және оларды жергілікті нарыққа инвестиция салуға ынталандыру қажет екенін айтады.

«Сонымен қатар әлеуетті эмитенттермен корпоративтік басқарудың ашықтығы мен бөлінуінен қорықпау үшін жұмыс жүргізу қажет», дейді Еуразиялық биржалар федерациясының бас хатшысы.

Елімізде жаңа Салық кодексі енгізілмек. Онда ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеру мәселесі талқыланып жатыр. Кейбір салалар үшін ҚҚС мөлшерлемесі 0% немесе 10% болып белгіленуі мүмкін, ал кейбір салалар бұл салықтан мүлдем босатылады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар