СҚО әкімі құтқарушыларды құттықтады

/uploads/thumbnail/20170708201255914_small.jpg

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат  - 19 қазанда Қазақстанда азаматтық қорғаныс қызметтерінің құрылғанына 20 жыл толды. Солтүстікқазақстандық құтқарушыларды осынау  кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімі ТЖ қызметкерлерінің көмекке бірінші боп жететін ерекше  миссиясын атап өтті.

«Сіздер адам өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігер, білімдеріңізді жұмсайсыздар. Күнделікті еңбектеріңізбен ел халқын, аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етіп келесіздер. Қызметтік міндеттеріңізді адал атқарып, ерлік көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Шын жүректен отбасылық бақыт, мықты денсаулық, бақыт тілеймін, ауыр да ізгі істеріңізге табыстар тілеймін», - деп құттықтады ол.

Облыстың өртке қарсы қызмет органдарында кәсібилік танытып, адал еңбек еткені үшін әрі азаматтық қорғаныс органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай облыс әкімінің құрмет грамотасын үш солтүстікқазақстандық иеленді, тағы төртеуі алғыс хат алды.

ҚР Ішкі істер министрінің атынан «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» медалі азаматтық қорғаныстың 18 қызметкеріне және ардагерлеріне табыс етілді.

Салтанатты жиналыс соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Сондай-ақ мерекелік шара аясында заманауи құтқару техникаларының байқауы өтті. Оған облыс әкімі де қатысты.

Бүгін СҚО ТЖД-де 927 адам қызмет етеді. Жыл басынан бастап 126 адам өмірі құтқарылды, 1300-ден астам адам эвакуацияланды. Өткен 9 айда департамент қызметкерлері 1500 шақыртуға шықты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Қатысты Мақалалар