Студенттердің сессиясы енді электронды форматта жүргізіледі - М. Анапин

/uploads/thumbnail/20170708201326570_small.jpg

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Студент жастар арасында жемқорлықтың алдын алу: мәселелер және олардың шешу жолдары» атты тақырыпта конференция өтті. 
«Бүгінгі форумның басты мақсаты - Елбасы ұсынған Ұлт Жоспары - «100 нақты қадамды» жүзеге асыруға үлес қосу. Яғни, бұл жерде жемқорлық әрекеттермен қоғам болып күресуге жұмылу. Бұл студенттерге де қатысты мәселе. Қазір көптеген жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы нақты шаралар жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, сессия кезінде оқу үдерісін ашық түрде өткізу қолға алынды. Яғни, ол енді электронды форматта жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда, білім алу үдерісіне адал көзқарас қана жемқорлықты жоюдың кепілі бола алады», -  деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бөлім бастығы Мақсатхан Анапин.

Оның айтуынша, қазір жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы күресте айтарлықтай оң өзгерістер байқалуда. Биылғы жылдың басынан бері қалада  37 жоғары оқу орнында студенттерге жемқорлыққа қарсы тәлім-тәрбие беру курсы енгізілген.

Конференцияға  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері  және қаладағы бірқатар жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студентеттері қатысты.

Жиын соңында қолдарына түрлі-түсті шар ұстаған студент жастар жемқорлыққа қарсы флеш-моб ұйымдастырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Қатысты Мақалалар