Ұзындығы 1 559 шақырымдық «Екібастұз-Семей-Өскемен» жоғары вольтты желісінің құрылысы басталды

/uploads/thumbnail/20170708201337695_small.jpg

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында аймақта 2015 жылға «ШҚ РЭК» АҚ жалпы кұны 3,9 млрд теңгеге электртасымалдау жүйелерін  жөндеуден өткізуді, жаңғыртуды, қайта жөндеуді жоспарлап отыр.   Сондай-ақ, ұзындығы 1 559 шақырымдық «Екібастұз-Семей-Өскемен» жоғарғы вольтті желісінің құрылысы басталған.
Бұл туралы кеңейтілген аппараттық кеңес барысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айтқазы Шерубаев баяндап, аталған жобаларды жүзеге асыру барысы бақылауда екенін атап өтті, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі таңда аймақ бойынша жоспарланған жобалардың ішінде 1 шақырым электртасымалдау желісі салынған, 110 шақырымы қайта жөндеуден өткен және жаңғыртылған, 553 шақырым электртасымалдау жүйесі күрделі жөндеуден өткен.

Биылғы жылдың басты жобаларының бірі «KEGOC» АҚ салып жатқан жалпы ұзындығы 1 559 шақырымдық, ал ШҚО бойынша 865 шақырымды құрайтын «Екібастұз-Семей-Өскемен» жоғарғы вольтті жүйесі болып табылады. Жобаның Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы құны 45,5 млрд теңгені құрайды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан хабарлағандай,  жобаның негізгі мақсаты Солтүстік-Шығыс қиылысындағы өткізу қабілетін ұлғайтып, Шығыс Қазақстан облысында Ресей бірыңғай энергетика жүйесі арқылы өтетін электр қуаты транзитіне қарамай, тапшылықтың орнын толтыруды қамтамасыз ету болмақ.

Сондай-ақ, Өскемен және Семей қалаларында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылу, сумен қамту жүйелерін жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Жалпы, жылумен қамту нысандарын жаңғырту бойынша, жалпы сомасы 2 111,5 млн теңгеге 12 жоба іске асуда.

-Жалпы алғанда «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Семей қаласына қатысты да бірқатар жұмыстар атқарылғандығына күмәнім жоқ, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Дереккөз: қазАқпарат

Қатысты Мақалалар