Сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге журналистер еліміздегі атом электр станциясының (АЭС) құрылысына қатысты сауал қойды. БАҚ өкілдері Ресей мен Қытайдың Қазақстанда АЭС салуға қатысуы мүмкін екенін атап өтіп, жоба қалай қаржыландырылатынын сұрады.
«Қазіргі уақытта тек бірінші АЭС бойынша шешім қабылданды. Қытай тарапына қатысты ешқандай нақты шешім жоқ. Бұл бағытта арнайы агенттік құрылды. Мен бұл салаға тікелей жауапты емеспін. Егер нақты, мазмұнды жауап қажет болса, құзыретті органға жүгінгеніңіз жөн», – деді Серік Жұманғарин.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Ресей арасында АЭС салу жөніндегі жол картасы бекітілген болатын.