Вице-министр: Қазақстандағы 19 ауыл суды сырттан тасып ішеді

/uploads/thumbnail/20260113124054544_big.webp қазақпарат

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанда кейбір ауылдар орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін қолданбайтынын мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, елде суды сырттан тасып ішетін 19 ауыл бар.

 – Олардың халық саны да белгілі. Мысалы, Жетісу облысындағы Керегетас разъезінде 5 адам, Қайрақтас стансасында 25 адам тұрады. Қостанай облысындағы Семилетка ауылында 52 адам ғана тұрады. Ұлытау облысындағы № 66, 60, Қ.Сәтбаев. разъездерінде 4-7 адамнан ғана тұрады. Осындай елді мекендер суды тасып ішіп отыр, – деді Қуандық Қажкенов.

Қатысты Мақалалар