Қауіпсіздіктің алдын алу – маңызды міндет

/uploads/thumbnail/20170708201711652_small.jpg

Елбасы белгіленген 100 нақты қадам бойынша әр салада жұмыстар атқарылып жатыр. Ұлт жоспары елімізді дамытуға серпін бере алады. Сондықтан оны орындау барысында жауапкершілік керек.
Осы орайда Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Мұрат Емелұлы Келесовпен әңгімеміздің басы «100 нақты қадамның» орындалу барысы туралы өрбіді. 
– Мұрат Емелұлы, енді сіздің салаға мойын бұрсақ, төтенше жағдайдың алдын алу – тұрақтылық пен аманшылықтың белгісінің кепілі емес пе?
– Расында да, солай. Өткен жылдың ая­ғында ұжым жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Дәлірек айтсақ, 2014 жылдың қыркүйек айында облыс әкімшілігі тарапынан Төтен­ше жағдайлар департаментіне жалпы көлемі 3029,0 шаршы метр көлеміндегі жаңа әкім­шілік ғимарат бөлінді. Сонымен қатар жер­гілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, SSANGYONG KYRON автокөліктері, шал­шық су айдайтын мотопомпа; «HOLMA­T­RO» маркалы құтқару құрал жабдық­тары; контейнерлік типті жылу-түтін ка­мерасы; азаматтық қорғаныс саласына құтқару құ­рал-жабдықтары; жедел әрекет ететін өрт сөндіру көлігі, авариялық құтқару көлігі алынды. Облыс әкімдігі тарапынан зор көңіл бөлушілік төтенше жағдайлар сала­сындағы қызметтің қарқынды жұмыс жа­сауына негіз болды. 
Осы ретте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 25 ақ­пандағы ұйымдастыру нұсқауына сәйкес, 12-13 наурызда «Көктем-2015» Республи­ка­лық оқу-жаттығу өтті. 2014-2015 жылдың қыс-көктем мезгілдерінде су тасқынының алдын алуға арналған дайындық шаралары туралы облыс әкімдігінің мәжілісі өткізіліп, онда жергілікті атқарушы органдарға, қала, аудан әкімдері мен су тасқынының алдын алу мақсатындағы іс-шараларды атқаратын тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді. «Қызылорда облысы аумағында 2014-2015 жылдардың қыс-көктем кезеңдеріндегі Сыр­дария өзенімен келетін артық суды қауіпсіз өткізуге дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жос­парын» облыс әкімі бекітті. 
Су тасқынының алдын алу мақсатында Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгет­тері мен су шаруашылығы нысандарының жай-күйіне алдын ала зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қаңтар айында Сырдария өзе­ніндегі сең жүру кезінде су алу қаупі туын­даған немесе су алған кезінде басқару ор­ган­дарының, авариялық-құтқару қыз­мет­терінің күштері мен құралдарының шұғыл әрекет етуі мен іс-қимылының дайындығын тек­серу үшін аудандар мен Қызылорда қала­сында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өт­кізіліп, анықтама дайындалып, облыс әкіміне және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне жолданды.
Жалпы, облыс аумағындағы қорғаныс бөгеттерін қайта қалпына келтіру жұмысына облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, игерілді. Авариялық-құтқару қызметтерінің техникасы мен күш-құралдары үнемі дайын­дықта болды. 2014 жылдың желтоқсан айын­да және 2015 жылдың ақпан айында Сырдария өзенінің жағдайын бақылау мақсатында облыс әкімі орынбасарының басшылығымен облыстық су шаруашылығы қызметтері басшылары, Департамент бас­тығымен «Қазәуеқұтқару» АҚ МИ-8 тік­ұшағымен мониторинг жасалды. 2014 жылы маусым айында Әзірбайжан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйым­дастыруымен Габала қаласында өткен «Жас құтқарушы» ІІ халықаралық балалар мен жасөспірімдер жарысына облыс командасы қатысып, 24 команда ішінен 3 орынды иемденді. Биылғы жылы да осы құрамда дайындық қарқынды жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында «Қазқұтқару-2015» 20-халықаралық жиын-семинарында Қызылорда қаласынан қатыс­қан «Жас құтқарушылар» командасы 2 орын­ды иеленіп қайтты. 2014 жылы қыр­күйек айында «Нептун -2014» республикалық оқу-әдістемелік жиыны облыста өтті. Осы жарысқа республикадан 14 команда және Ресейден ТЖМ Байқоңыр қаласынан да команда қатысты. 
Ағымдағы жылдың І тоқсанында облыс көлемінде 987 авариялық құтқару жұмыс­тары жүргізіліп, 3233 адам және 1247 техника жұмылдырылды. Авариялық-құтқару жұ­мыс­тарында 790 адам құтқарылды, зардап шеккен 166 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар ау­ма­ғынан 351 адам және 137 техника көшірілді. 50 мәйіт шығарылды. 2015 жылдың І тоқ­санында тіркелген төтенше жағдай саны – 13, зардап шеккен адам саны – 15, қайтыс болған адам саны – 12. «112» арнайы теле­фонына халықтан түскен қоңырауларға жасалған талдау бойынша 2014 жылдың І тоқсанында орта есеппен 801 қоңырау түскен («101» - 3; «102»-52;«103»-63;құтқару жұмыстары бойынша – 144;анықтама бо­йын­ша – 51; басқа да қоңыраулар – 488). Ха­лықты құлақтандыру мақсатында «Кселл», «Билайн», «Алтел» операторлары ар­қылы облыс халқына «да­былды ескер­тулер», «облыс автожолдарында автокөлік­тердің қозғалысына шектеу қою» туралы 935 134 абонентке СМС хабар­ламаларын тарату ұйымдастырылды. 
Осы уақытта облыста 72 өрт оқиғасы орын алып, 4 адам қаза болып, 6 адам зардап шеккен. Өрт оқиғасы әр түрлі нысандарда, жеке үйлерде орын алды. Мерзім ішінде 144 нысанға және 17 687 жеке тұрғын үйдің өрт қауіпсіздігіне тексеру жүргізілді. Өрт қауiпсiздiгi қағидасы талабын бұзған 6 жеке тұлғаға ескерту жасалып, 14 жеке тұлғаға, 70 лауазымды тұлғаға ақшалай айыппұл са­лынды. Елбасының 2014 жылғы 27 ақпан­дағы «Қазақстан Республикасында кәсіп­керлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» №757 Жарлығын басшылыққа алып, облыс кө­лемінде шағын және орта кәсіпкерлік субъ­ек­тілеріне тексеру жұмыстары тоқтатылды. Осыған байланысты, күнделікті жұмыс орында кәсіпкерлердің Қазақстан Респуб­ликасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғау туралы» Заңы, ҚР Үкі­метінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіп­сіздігі қағидалары», Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 Қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті талаптарының сақталуына назар аударуы қажет. Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы төтенше жағ­дай­дың алдын алу жұмысы жалғасуда. Депар­тамент тарапынан 2013 жылдан бері ай сайын «Сыр құтқарушысы» журналы жа­рық­қа шығып келеді.
– Енді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2015 жылғы І  жартыжылдығында азаматтық қорғау сала­сында атқарылған жұмыстары және 2015 жылдың ІІ жартыжылдығында алға қойыл­ған мақсаттарға тоқталсаңыз. 
– Ақпараттық-сараптамалық жұмысты жандандыру мақсатында Қауіпсіздік пас­порты, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатер ката­логы, облыстың су айдындарының паспорты дайындалды және оларға өзгерістер енгі­зіл­ді. Паспорт және каталог ақпараттар дерегін жинақтау банкісінің негізін құрайды және облыс аумағында туындауы мүмкін табиғи және техногендік сипаттарды сарап­тауға және қауіп-қатерді анықтауға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері Қызылорда облы­сы, Қызылорда қаласы және аудан­дардағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою комиссияларының 36, оның ішінде: облыс­тық ТЖК-4 отырысы (оның 2-і кезектен тыс), 32-қалалық, аудандық ТЖК отырыс­тары, 3 селекторлық мәжілісі өткізілді. 2014 жылы есепті мерзімде ТЖК 6 отырысы өткізілді. Биылғы жылғы есепті мерзімде облыстық ТЖК келесі мәселелер:
Қосалқы басқару пункттерінің, қорға­ныс құрылыстарының және азаматтық қор­ға­ныстың жеке қорғану құралдарын жинақ­таудың жай-күйі; Облыс аумағындағы өрт қауіпсіздігі; Арал ауданында орын алған төтенше жағдай және Жаңақорған ауданын­дағы Қыраш су қоймасының жөндеу жұ­мыстары; Қыс мезгілінде облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Конго-Қырым геморро­гиялық қызбасының алдын алуға байла­нысты дәрілеу (дезиинсекциялау) залал­сыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру; 2014-2015 жылдардың желтоқсан-қаңтар айларында Шиелі ауданы аумағында су тасқыны салдарынан орын алған төтенше жағдай шығындарын өтеу; Сырдария өзені қорғаныс бөгеттері мен жағалауда орналас­қан елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу; Жазғы мезгілде облыстың су айдын­дарында азаматтардың қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету шаралары туралы мәселелері қаралды. 
– Комитеттің жоспары шеңберінде мақ­сатты индикаторға қол жеткізу жұмыстарына тоқталсаңыз: 
– Дерекке жүгінер болсақ, тіркелген төтенше жағдайлар саны – 54, бұл көрсеткіш 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыс­тыр­ғанда 18,5 % көбейген. Төтенше жағдай­ларда зардап шеккен адамдар саны – 37, бұл көрсеткіш 2014 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 63,7 % төмендеді. Төтенше жағдайларда қайтыс болған адамдар саны – 33, бұл көрсеткіш 2014 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 17,5 % азайды. Облыс аумағындағы су айдындарында 17 табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (суда­ғы зардап шеккендер) көрсеткіші 2014 жыл­дың сәйкес мерзімімен салыстарғанда 11,7% көбейген. Зардап шеккендер – 21 адам, бұл көрсеткіш 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 23,8% артты. Үгіт насихат жұмыстарының жүргізілуіне қарамастан көп­шілігі суға түсуге, суда демалуға әлі құ­мар, оның ақыры қайғылы оқиғаға себеп болуда. 
Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бо­йын­ша анықталған 30 аса қауіпті кезек күт­тірмейтін участоктерді қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 236,9 млн теңге қар­жы бөлінді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақ­сатында Жаңақорған ауданындағы «Көл­тоған» су қоймасының қорғаныс бөге­тін қайта нығайтып, темірбетонмен бекітуге және 8 шақырым лоток каналын салу бойынша жұмыстар атқарылуда. 
– Авариялық-құтқару жұмыстарын жүр­гізуде де ешқандай мәселе жоқ шығар. 
– Авариялық-құтқару қызметтерімен облыс аумағында орын алған төтенше жағ­дайларда 1419 авариялық-құтқару жұмыс­тары жүргізіліп, 2281 жеке құрам және 653 техника бірлігі жұмылдырылды. Авариялық-құтқару жұмыстары кезінде 261 адам (оның ішінде – 98 бала) құтқарылды, 107 зардап шеккендерге (оның ішінде – 14 бала) алғаш­қы медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар аумағынан 164 адам көшірілді, қар басқан аумақтардан және авариялық жағдайларда 34 автокөліктер эвакуация­лан­ды, туындаған төтенше жағдайлар кезінде қаза болған адамдардың 38 мәйіттері шы­ғарылды. Республикалық маңызды жолдар­дың қауіпті учаскелерінде күре жолдық медициналық құтқару бекеттері тәулік бо­йына кезекшілікті жүзеге асырады, облыс аумағында зардап шеккен халыққа жедел медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін 3 күре жолдық медициналық құтқару бекеттері қызмет атқаруда. Облыс әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 39 «Облыстық азаматтық қорғау қызметтерін құру туралы» шешімімен 15 облыстық Азаматтық қорғау қызметтері құрылды және олардың Ережелері бекітілді. Облыс бойын­ша 1 республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу, 8 нысанды жаттығулар, 73 коман­далық-штабтық жаттығулар, 304 «Балаларды қорғау күні», 54 арнайы-такти­калық жаттығулар, 80 сейсмикалық жат­тығулар, 920 авариялық жағдайлар бойынша жат­тығулар өткізілді. Департаменттің пози­тив­тік имиджін құру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдар арқылы 2040 мақала жарияланды, 194 телебағдарламалар көр­сетілді, 1216 радиобағдарламалар дайындал­ды, ҚР ІІМ ТЖК веб-сайтында 89 мақала жарыққа шықты. 2013 жылдан бастап, де­партаменттің ведомстволық «Сыр құтқару­шы» журналы жарыққа шықты. Апта сайын департаменттің сайты (dchs-kyzylorda.kz) толықтырылады және жаңартылады.
 2015 жылдың ІІ жартыжылдығында Департаменттің негізгі және алға қойған мақсаттары азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы­лары, ҚР ІІМ және ТЖК бұйрықтары­ның талаптарын жүзеге асыру; 2015-2016 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындалу мақсатында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін нығайту және су қоймаларына күрделі жұ­мыс­тарды жүргізу, төтенше жағ­дай­лар туындаған жағдайда зардап шекендер мен қайтыс болғандардың санын, материал­дық шығынның көлемін азайтуға бағыт­талған алдын алу жұмыстарын жандандыру, депар­тамент қызметкерлерінің құқықтық сауат­тылығын және мәдениетін көтеру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уа­қытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету, департамент қызметкерлерінің тара­пы­нан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушы­лықтарды болдырмауды қамтамасыз ету сияқты басқа да міндеттер тұр. Сондықтан Қазақстан Республикасы Үкіметінің қау­лы­ларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Төтенше жағдайлар ко­митетінің бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау мақсатында облыстық азаматтық қорғау жүйесін тиімді үйлестіре отырып, облыс әкімдігінің және азаматтық қорғау қызметтерінің қолдауымен азаматтық қорғау саласындағы міндеттерді толық және сапалы орындау – басты міндет. 

Қатысты Мақалалар