ТАРИХИ ҒИМАРАТТАР – ҮКІМЕТ ҚОРҒАУЫНДА

/uploads/thumbnail/20170708201747293_small.jpg

Жанат АЙТІЛЕУ, Алматы қаласы Архитектура және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары:
– Жанат мырза, қазір Алма­ты­да әрбір ғимараттың сүрілуі назар­дан тыс қалмайды. Әрбір ескі ғи­ма­рат сүрілген сайын қорғау­шы­ла­ры аттандап шығады. Тамыз айы­ның бас кезінде Желтоқсан мен Бө­генбай батыр көшелерінің қиы­лысындағы 1954 жылы салынған ғи­мараттың жанында флешмоб өт­кізілді. Сіз мұны маман ретінде қа­лай қабылдайсыз?
– Аталған мекенжайда ор­на­ласқан ғимарат бұрын мем­ле­кет­тің қарауында болғанмен, қазір жекешеленіп кеткен. Сейсмо­лог­тар оны күрделі жөндеуден өт­кі­зіп, сейсмикалық беріктігін қайта қарау керек дегенді көптен айтып жүрген болатын.
– Бірақ сүріп тастап, басқа ғи­ма­рат салынады ғой...
– Ол рас. Ғимаратты құлатқан соң, оның орнына алты қабатты бизнес орталығы салынады. Оны жо­балаушылар құрылыс архи­тек­турасы бастапқы үлгісіне ұқсама­са да, Алматы қаласының тарихи кел­бетінен алшақтап кетпейтін­ді­гіне уәде беріп отыр. Мұнда қа­ла билігінің де, құрылыс ере­же­лерінің де талаптары сақта­ла­ды. Ол жоба Алматы қаласының Қала құрылыстық кеңесінде қаралды.
– Қазіргі заманғы архитек­тор­лар «1940-1950 жылдарда салын­ған ғимараттар қаланың қазіргі кел­бетіне сай келе бермейді» дейді. 
– Әр уақыттың өз ерекшелігі бо­лады. Ол кезде «Түрі ұлттық, маз­мұны социалистік» деген қа­ғида барлық салада үстемдік етті. Бұрынғы ғимараттар қазіргі за­манға сәйкес болмауы мүмкін. Себебі қазір құрылыс технология­сы жетілді. Бірақ сол заманның бел­гісі деп танылған ғимарат­тар­ды тарихи ескерткіш ретінде сақ­тап қалу туралы Үкіметтің шешімі бар. Қазір біздің қолымызда тари­хи ескерткіштердің респуб­ли­ка­лық және Алматы қаласы дең­гейіндегі екі тізімі бар. Тарихи ес­­керткіш бо­­лып табылатын ғи­марат, ол кім­нің меншігінде бол­са да, Үкі­мет­тің қорғауында тұр. Оны бұ­зып, түрін өзгертуге еш­кім­нің құ­қы жоқ.
– Осыдан бірер жыл бұрын Рес­­пуб­ликалық сарайдың сырт кел­беті бүгінгі заманға сай жаң­ғыртылды. Бірақ қалалықтардың ба­сым көпшілігі оның табиғи ұлу тас­пен безендірілген бұрынғы кел­беті жақсы еді дейді. Өнер орда­сы­ның сырт келбетін өзгерту қандай қа­жеттіліктерден туды, әлде то­зып, сыр берді ме?
– Сарай бұзылған жоқ, бірақ қай­та жаңғыртудан өтті.
– Өзгертілген нұсқасын көріп отыр­мыз. Сонда сарайдың бұрынғы келбеті кімге жақпай қалды?
– Республика сарайының пай­далануға берілгеніне жарты ғасырдай болып қалды. Өткен уа­қыт ішінде ғимараттың қас­бет­тері мен ішкі интерьерлері кө­нер­ді, инженерлік коммуни­кация­лары жарамсыз болып қалды, акус­тикалық қондырғыларын өз­герту қажет болды. Арада өткен жар­ты ғасыр аз уақыт емес, қа­быр­ғалары сыр бере бастады. Рес­публика сарайы бұзылған жоқ, тек жаңғыртылып, күрделі жөн­деуден өтті. Ірге тасы сол қал­пында тұр. Қазіргі келбетінің шы­нымен қапталған алдыңғы қас­беті әртүрлі іс-шараларда пай­даланылатын үлкен монитор бо­лып тұр.Ол ішкі акустиканың кү­шін әлсіретіп, қабырғаға әсерін жеңілдетеді. Рас, «Қазақстан» қо­нақүйі, «Көктөбе» телемұнарасы, «Республика» сарайы Алматының символы болып қалыптасып қал­ған еді. Сол себепті сарайды жаң­ғырту жобасына оның бұрынғы ав­торлары – Тоқтар Ералиев бас­­таған «Казгор» жобалау акаде­мия­сының архитекторлары қа­тыс­ты.
– Алматының 2020 жылға де­йін бас жоспары қаланың кел­бетіне қандай өзгерістер алып келеді? Онда қалаға кейін қосылған аудан­дардың сейсмикалық жағдайы ескерілген бе?
– 2020 жылға дейінгі қаланың Бас жоспары 2002 жылы, 33 мың гек­тар аумаққа лайықталып жа­сал­ды. Ол кезде қаланың аумағы сондай болатын. Қазіргі аумақ 70 мың гектар жер, екі есеге дейін өсті. Сондықтан Бас жоспарда қа­зіргі жаңадан қосылған аудан­дар ескерілген жоқ, біз ол кезде қосылатынын білмедік те. Қазір Бас жоспарға түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны биыл бі­тіруіміз керек еді. Сейсмология инс­­титуты Алматының сейсми­ка­лық картасын жаңадан жасап жа­тыр. Жұмыс аяқталған соң, Бас жос­пардың түзету жұмыстарын аяқ­таймыз. 
– Әзірге қандай өзгерістер ен­гізуді жоспарлап отырсыздар? Се­бебі кейбір басылымдарда «қа­ланың әкімшілік орталығы бірінші Алматыға немесе қаланың шығы­сын­да жаңадан бой көтерген ық­ша­маудандарға қарай ойы­сады, Алматы-2 өзінің әлеуетін ақ­тап бітірді» деген пікірлер жа­рия­ланды. Алдағы уақытта Алма­ты 3-тің пайда болуы мүмкін бе? 
– Мен бұл сұраққа жауап бер­мес­тен бұрын, Бас жоспардың не­гізгі бағытын айта кетсем дей­мін. Қай жерде тұрғын үйлер, қай жерде өндіріс орындары орна­ла­сатыны, барлық функционалдық аймақтардың орналасу реті Бас жоспарда көрсетіледі. Біз Алматы орталығының жобасын жасап ж­атырмыз. Орталықта көптеген ар­хитектуралық ескерткіштер ор­натылған. Сол себепті, біз қала ор­талығының негізгі бейнесін жас ұрпаққа сақтап қаламыз. Жо­ба барысында ескі 3 және 4  қа­бат­­­ты үйлерге жөндеу жұмыстары жүр­гізіледі. Сонымен қатар қала­ның орталығындағы ескі бір қа­батты үйлер құлатылып, олар­дың орнына жаңа үйлер салынады. Бірақ жаңа үйлер 5 қабаттан ас­пайтын болады. Одан кейін қала­ның инженерлік, транспорттық магистральдары анықталады. Қа­ланың орталығы, негізінен қа­лыптасты. Қала орталығын басқа жақ­қа көшіреді деген әңгіме жоқ. Бірақ 70 мың гектар жерді қалаға жұ­мыс істету керек. Сондықтан  қа­ланың орталығы қазіргі қал­пын­да қалады да, шет жақтарда ха­лыққа ыңғайлы болуы үшін әкім­шілік ғимараттар, мәдениет, сауда орталықтары, мектептер са­­лынады. Шет жақтағы аумақ­тар­­дың өздерінің кішігірім орта­лықтары қалыптастырылады. Он­да орталықтағы мемлекеттік құ­рылымдардың филиалдары са­лынады. Демек, шет жақта тұра­тын алматылықтар өзіне қажетін тұрған жерінде тұрып-ақ ала бе­реді.
– Алматының 1980-1990 жыл­дарға дейінгі архитектурасында оның табиғи ерекшеліктері сақта­ла­тын еді. Сол себепті Алатаудан ес­кен жел қаланы желпіп өтетін. Ма­мандар «Архитектуралық заң­дылықтар сақталмағандықтан, Ал­маты экологиясы бұзылды» де­ген пікірді жиі айтады. 
– Мен бұл пікірмен келіс­пей­мін. Бас жоспар бойынша Алатау мен Алматыны жалғастырып тұр­ған үлкенді-кішілі бірнеше дә­ліздер бар. Ол – кіші және үлкен Алматы, Есентай өзені, Достық пен Сейфуллин даңғылдары, Фурманов, Әуезов, Розыбакиев, Дулати, Науаи көшелері. Таудан ес­кен самал жел сол өзендер мен кө­шелердің бойымен кешке қа­рай қалаға қарай соғады, ал күндіз қа­ладан Алатауға қарай соғады. Бас жоспарда, негізінен сол дә­ліз­дерді біз сақтап қалдық.
– Қазір қалада көп қабатты үй­лер көбейіп келе жатыр. Мыса­лы, Абылай хан даңғылы мен Қа­банбай батыр көшесінің қиылы­сын­дағы 17 қабатты үй сол дәлізде ор­наласқан.
– Бұл дәліздердің бойына үй салу­ға болмайды. Ұлттық кітап­хана да, Опера театры да өте биік ғи­ма­рат емес, тау дәлізіне кіш­кене кедергі. Ал Бөгенбай батыр көшесі бойында орналасқан 17 қа­батты тұрғын үй де Абылай хан кө­шесінен – Тау дәлізінен ша­ма­лы қиыс орналасқан. Ал таудан ес­кен жел Абылайхан даңғы­лы­ның бойымен жүреді.
– Ғалымдар Алматының сейс­микалық қауіпсіздігі 25 қабатты үй­ге дейін есептелген деп келді. 1990-2000 жылдардан бергі ке­зең­де биік үйлер көптеп салынып жа­тыр. Бұл құрылыс технологиясы жаңар­ды, жетілдірілді дегенді біл­діре ме?
– Бізде 10 қабаттан жоғары үй құ­рылысын салуға болмайды де­ген түсінік бар. Бұл өлшем тек­то­никалық жарық аймақтарының орналасуына байланысты. Біздің Бас жоспар бойынша ең биік ғи­мараттар 16 қабаттан аспау керек еді. Бірақ техника дамыды, қазіргі за­манауи техника одан да биік ғи­мараттар салуға мүмкіндік бе­реді.
– Бірақ биік-биік үйлер салу ар­қылы таудан ескен самал желді бөгеу Алматыға тиімді ме?
– Дағдарыстан енді шығып ке­ле жатқан уақытта, одан бөлек жер тапшылығына байланысты кей­бір құрылыс компаниялары 40 қабатты үйлер салды. Бірақ маман ретінде мен 16 қабаттан аспайтын ғи­мараттар болу керек деп ойлай­мын.
– Бірқатар елдер құрылысты жүр­гізген кезде, ұлттық  нақыш­тар­­ды қалдырғысы келеді. Мұны Қы­тайда Бейжің, Токио, Сеулдегі ар­­хитектуралық ансамбльдерден бай­қауға болады. Сіздер құрылыс са­ласына келген шетелдік ин­вес­торлардан құрылысты жобалаған кезде ұлттық нақышты, қаланың тарихи келбетін ескеріңіздер деген талап қоя аласыздар ма?
– Әрине, сырттан келгендер өз­дерінің жобасын өткізгісі ке­леді. Бірақ біз Алматы қаласының ерекшеліктерін сақтаңыздар деп та­лап қоямыз. Ол жобалауға бе­рі­летін сәулеттік-жоспарлау тап­сыр­масында көрсетіледі.
– Алматының транспорттық, миг­рациялық жүгін жеңілдететін се­ріктес қалалар туралы не айта­сыз? Ондай мүмкіндіктер көп қой. Мы­салы, бірінші Алматы, қалаға жаңа­дан қосылған аудандардың азық-түлік белдеуі міндетімен қоса миг­рациялық-транспорттық  әлеуе­тін жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Спутник қалалар жобасы Ал­ма­тының қолда бар мүмкіндігін ша­шыратып алмай ма?
– Алматы билігі бұл ұсынысқа басынан қарсы болды. Себебі спутник қалалар салынған күнде, оның тұрғындары Алматыда жұ­мыс істейді, қаланың дү­кен­де­ріне, театрлары мен кинотеатр­ла­рына, демалыс орындарына ке­ле­тін болады. Сондықтан спутник қа­лалар да «Алматының ұйық­тай­тын бөлмелері» болып қалады. Мұн­дай ұсынысты қазір де қол­да­маймыз. Жалпы спутник қа­ла­ларды салу туралы идеяның пайда болғанына 10 жылдай болды. 10 жыл­да бірде-бір тұрғын үй салын­ған жоқ. Бұл уақытта еліміз дүние жүзі таныған Астананы салды.
– Алматының етек-жеңін үл­кейте бергеннен, тау баурайындағы жат­­қан әдемі, тұрғыны 1,5 -2 мил­лион­нан аспайтын тап-таза қала ре­­­­тінде сақтап қалу әлдеқайда тиім­­­ді сияқты...
– Әрине, біздің де ойымыз – сол. Алматыға елді мекендерді қо­са бергеннен гөрі, олардың жағ­дайын қала деңгейіне дейін кө­теру керек деп ойлаймын. Сон­да көпшілік Алматыға қарап ұм­тыл­майды, өздерінің тұрған же­рінде кәсібімен айналыса береді.
– Алматының бас жоспары үшін қосымша қаражаттар қарас­ты­рылған ба, оған нарықтық-эко­номикалық қаржылық жағдайлар кері әсер етіп жүрмей ме?
– Алматы қаласының Бас жос­­пары үшін жергілікті бюд­жет­тен керекті қаржы бөлініп қойған. Біз сол бөлінген қаржы бойынша Бас жоспарды кезең-кезеңімен орындап жатырмыз. Алматыға бөлінген қаржы тоқтап қалмайды.
– Әңгімеңізге рақмет!

"Қамшы"сілтейді
Дереккөз: Айқын-ақпарат

Қатысты Мақалалар