ЗИЯЛЫЛЫЛЫҚТЫҢ ДАҒДАРЫСЫ

/uploads/thumbnail/20170708203258759_small.jpg

("Жас Алашты" оқыған соң туған ойлар). Бүгінде осы сұрақты жұрт жиі қояды. Қоятын да жөні бар: өйткені, бүгінгі заманымызда ЖЕКЕ БАТЫР сынды "Әділетті ту етіп ұстаған қазақ зиялылығы" мен оған шибөрідей шүйліккен оның антиподтары - жағымпаздық, ТЖ, КК (к.. кіру), құнығу және екіжүзділік дегендердің біріккен әскері (қолы) бір бірімен қарама қарсы келіп, текетіресіп (соғысып) қалды... Осы тіресте әзәзіл ақша дем берген антиподтар жағы жеңіс тойын жиі тойлауда. Тойлап қана қоймай, олар әрбір той кезінде қазақтың бұрыннан келе жатқан асыл қасиеттерін бір-бірлеп құрбандыққа шалуда! Алдымен сіңірлі қара күш, тұрақты сөз иесі "жігіттік" деген бар еді - сол кетті! Одан кейін "ақсақалдық" деген тау сияқты алыбымыз бар еді - мойнына қыл шылбыр, аяғына шідер салып - оны жықты! ... Ендігі кезекте - сап түзеп, мойын ұсынып өзге де асыл мінездер тұр... "Дәрмен" де, "Жігер" де сол қатардан көрінеді..... Енді оған қарсы тұрар күш бар ма? Бар! «Ақтабаннан» аман қалған қазақ жеке батырларын әлі де қаулатып шығара алады. Себебі, "қазақ зиялылығының" артында халық тұр, оның төл тәрбиесі тұр! Тәрбие былай дейді: - "Жігіт шағыңда қазақ жігітіне тән қайрат қыл, еліңнің намысын өз намысыңдай көр. Жігіт ағасы болғанда - соңыңа жұрт еретіндей беделді болудың қамын ойла! Елуге таянғанда - алдымда ақсақалдық күтіп тұр деп өмір сүр! Алпыстан асқанда - әр сөзіңе абай бол! Жетпіске жеткенде - әр сөзің қазына болсын! Осыны жан-тәнімен сезінген адам ғана зиялы бола алады! Сексенге келіп, селкілдеп билеп жүрсең - әрине зиялы емессің!" .....Айта кетелік, бұл шарттың орындалуының да өз шарты бар, ол - "Осыны тыңдап өсетін өскелең ұрпақ аман болсын!" деген!!!

Әбдірашит Бәкірұлының Фейсбук парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар