Еркекті сабаған әйел 9 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20170708203257884_small.jpg

Атырау қаласында ауыр дәрежедегі дене жарақатын салды деп айытпалған әйел 9 жылға сотталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Атырау қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сот үстінде айтылғандай, айыпталушы А.Нұржанова өзінің азаматтық некедегі жұбайы Н.Асланов және таныстары Д.Тұрсынов пен С.Айдосынов төртеуі оның үйінде спирттік ішімдік ішіп отырған. Отырыс барысында Н.Асланов мас болып ұйықтап қалады да үшеуі ішуді әрі қарай жалғастырады. Бір мезетте А.Нұржанова мен Д.Тұрсынов өзара керісіп, алғашқысы соңғысын қолына түскен балғамен бірнеше мәрте соғады. Онысымен де қоймай, есінен танып жатқан А.Тұрсыныовтың үстіне секіріп шығып, ұрып- тебуін одан әрі жалғастырады. Нәтижесінде, жәбірленуші Д.Тұрсынов «ауыр» дәрежедегі дене жарақаттарын алған.

Сотта сотталушы А.Нұржанова кінәсін толығымен мойындап, кешірім сұрап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот үкімімен А Нұржанова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық іс-әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

А.Нұржанованың кәмелеттік жасқа толмаған 3 баласы Атырау облыстық балалар үйі әкімшілігіне тапсырылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар