Уақыт талабына лайық кәсіпорын

/uploads/thumbnail/20170708203327493_small.jpg

«Бәсекеге қабілетті көш­басшылар – «Ұлт­тық чемпиондар» бағдар­ламасының қатысушысы қазақстандық «Масло-Дел» компаниясы 2018 жылы Қытайға өсімдік майының экспортын арттырады.
Компания мұндай жоспарға «Бәйтерек» холдингімен жүзеге асырылып жатқан «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысу нәтижесінде қол жетізіп отыр. Сондай-ақ, ұлттық тұтынушылар іріктеуінен нәтижелі өткен чемпион компания жоспарында ірім­шік қайнататын өндірісті іске қосу, қойылтылған қышқыл сүт өнім­дерінің жаңа топтамасын жан­дандыру, рапс майы секіл­ді әлемдік сұранысқа ие біре­гей өнімдердің айрықша ерек­шеліктерін қолдана отырып, ішкі нарықтағы ұстанымдарды ны­ғайту секілді нарық заңына ың­ғай­­ластырылған жобалар бар. Отан­дық өнім өндірушілерді қолдау мақ­сатында мемлекет тарапынан ұйымдастырылып отырған бағ­дар­ламаға қатысу 2018 жылы «Масло-Дел» компаниясының түсім өсімін 16 миллиард теңгеге қам­та­масыз етеді деп компания ма­ман­дары сенімді пайым жасауда.
Былтыр Жапонияның астанасы Токиода өткен «FOODEX – 2014» Азия-Тынық мұхит аймағындағы азық-түлік өнімдері және сусындар көрмесінде қазақстандық «Сезам Эко», Sun Bee және «Маслодел» компаниялары май өнімдерін және қазақстандық бал сұрыптарын көрмеге шығарып, сарапшылар назарына ұсынған болатын. Сол көрмеде дамыған Шығыс елдері қазақстандық «Масло-Дел» компаниясы өндіретін зығыр, күнжіт, зере, жержаңғақ, асқабақ майларының өз сауда және тұтыныс нарығында үлкен сұранысқа ие бола алатындығын мәлімдеген.
Көрме жұмысының 4 күні ішінде отандық кәсіпорындар шетелдік сатып алушы серіктестермен 100-ден аса келіссөздер жүргізіп, едәуір тиімді нәтижелерге қол жеткізген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, «Бәй­терек» холдингі 2015 жылдың көктемінде Мемлекет басшы­сы­ның бастамасымен экономиканың шикізаттық емес саласындағы орта бизнес көшбасшылары – отандық компанияларды қолдау мақ­сатында құрылған «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасын жүзе­ге асыруға кіріскен болатын. Өз­дерінің бәсекеге қабілет­ті­лік­терінің нәтижесінде бағдар­ламаға қатысушы компаниялар бүгінде шұғыл түрде жаңа жо­ба­ларды іске қосып, экспорт ауқымын ұлғайтып, импортты алмас­тырумен және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету жұ­-
мыстарын жеделдеткені белгілі.
Мемлекеттік бағдарламада өзі­нің сапалы өнімдерімен же­тек­ші компаниялар санатына қосылған «Масло-Дел» ЖШС Қазақстандағы тамақ өнімдерін өндіретін ірі компаниялардың бірі ғана емес, әлемдік нарыққа сенімді қадам жасап отырған отандық өндірушілердің де бірегейі. Бүгінгі күні компанияда сары май және өсімдік майлары, өнеркәсіптік сұраныстағы майлар, маргариндер, майонездер, кетчуптер, қызанақ пастасы, ұзақ сақталатын сүт, қоюлатылған сүт сияқты 100-ден аса өнім түрлері өндіріледі
«Бәйтерек» холдингі мен «Mc.Kinsey & Company» сарапшылары бірігіп, кәсіпорын үшін алдағы уақытта жүзеге асырылуы қажет бірқатар бастамаларды өндіріске алып отыр.
– Біздің компанияның бағ­дарламаға қатысуы бәсекеге қабі­леттілікті арттыруға мүмкіндік сыйлайды, сауда өсімінде және экспорттық нарықтарды меңгеруде қосымша серпін береді. Аталмыш бастамаларды жүзеге асыру түсімнің айтарлықтай көбеюін және еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді, – дейді «Масло-Дел» компаниясы «Май және сүт өнімдерін өндіру комбинатының» директоры Наталья Солохина.
Отандық өндірушілер мен бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды бағалай және оларға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында ұйым­дастырылған «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысуға отандық компаниялардан 300-ден астам өтініш тапсырылған болатын. Солардың ішінен қаржылық, институционалдық және консультациялық қолдау көрсетілетін азық-түлік, құрылыс және машина жасау саласынан 28 компания іріктеліп алынды.
Бағдарламаның мақсаты Қазақстанда әлемдік және ай­мақ­тық ауқымдағы компанияларды қалыптастыру жолымен Қазақ­станда шикізаттық емес сектордың бәсекеге қабілетті, экспорт­қа бағдарланған өндіріс­терін құру болып табылады. Атал­мыш бағдарлама Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген 5 институттық реформа және «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру аясында әзірленді.
Интеграция жағдайында отан­­дық тауарлардың бәсе­кеге қабі­­лет­тілігін арттыру – мем­ле­кеттің ғана емес, бизнестің өзі­нің де міндеті екенін бүгін­гі өнім өндірушілер анық сезге­нін «Ұлт­тық чемпиондар» бағдар­ламасы айқындап берді.

Дереккөз: егемен Қазақстан

Қатысты Мақалалар