ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ және СЕНІМ ЖАРАСТЫҒЫ

/uploads/thumbnail/20170708204951867_small.jpg

Қазақстан Халық Ассамблеясының дөңгелек үстелінен!

          Уа‑а, әлеумет! Мынау, талқыламақ болып отырған «Ұлтаралық татулық және Сенім жарастығы» атты мәселе ‑ аса құнды да, ерекше нәзік сипаты бар ‑ қоғамдық құбылыс екенін, арнайы ескерткім келеді. Бұл мәселені, алдау мен арбаусыз, айқын да анық шешу үшін, тіпті  шындықтың өзі де аздық ететіндіктен, тек қана ақ сөйлеп ақиқатты  айтуды талап етеді. Ендеше, өткір пікір де, тура айтылған сөз де, біреуді мұқатып‑кеміту үшін емес, ақ жүрекпен сүйген, жалғыз ғана ‑ Отанды ‑ ардақтауға бағышталмақ?!..

          Олай болса, ең әуелі Ата‑бабаң мұра еткен, Туған жер мен ардақ тұтар Отанымыздың аты мен затына тоқталу жөн сияқты. Бүгінгі таңда, «жаман түйенің жабуындай» айтылып жүрген – «Қазақстан Республикасы» ‑ деудің орнына, ешкімге де еліктеуге ұрынып солықтамай‑ақ, әлімсақтан ата‑бабам қалдырған атауымен – «Қазақ елі» ‑ (Қазақия) - деп, мемлекетіміздің аты‑жөнін дұрыстап атауды ұсынамын. Мұны дәп осылай ‑ арнайы, қадап айтып отырған себебім, тіпті кешегі отарлау заманында да – «Қазақ ССР–ы» ‑ деп дұрыс аталғаны барлығыңызға да белгілі. Өйткені, Қазақ мемлекеті ‑ әуел баста құрылғаннан‑ақ, моноұлтты–унитарлық Ел болғаны, бүкіл әлем жұртшылығына аян. Ендеше, «мың өліп, мың тіріле» жүріп ‑ тәуелсіздігін алған Қазақ елінің – еркіндігін матаушы кім ? Ел мен Жердің иесі Қазақ халқының рухын жасытып ‑  Жерін – бөлшектеп, Тілін – саудаға салып, Дінінен – адастырып, Болымысын – дүбәрәлаудың ‑ сырын бүкпесіз айтып,  әділет жолын көрсете алмасақ, бұл жиынның мысқалдай да қажеті бола  қоймас ?! Қазақ халқының рухы өсіп бақыты жанбай – Ұлтаралық татулық та, сенім жарастығы да болуы – мүмкін емес ?! Сондықтан да, ‑ Әділет пен Рахымды  – басшылыққа алып, қоғамдағы жасанды да жампоз, ғылыми негізі жоқ – «Қазақстандық ұлт» ‑ «Үш тұғырлы тіл» ‑ «Көп ұлтты мемлекет» ‑ «Унитарлық елде 130-мәдениет» ‑ «Келімсек компаниялардың – қазақ жастарын жұмысқа алмауы» ‑ «Қазақ жұмысшыларын қорлауы»  ‑ тәрізді  құбылыстарды, апатқа айналмай тұрғанда, әділеті мен ақиқатына лайық жөн сілтеуіміз қажет. Бұл бассыздықтарды, осынау мәртебелі жиналысымыздың парасатымен айыптап, жөнге келтіруді талап ету – осы отырған азаматтардың ар‑ұжданы болмақ !..

          Тағыда бір аса жауапты мәселе,  «Істің бәрін – кадр шешеді» ‑ дейтін қанатты сөздің мәні мен мағанасына тоқталмай болмайтын тәрізді. Өйткені, мұның жағдайы тіпті жаман ! Қазіргі Үкімет басында жүрген әкімдер мен минстрлер және ірі мекемелердің басшылары – не халқын – не тілін – не дінін – сыйламайтын, (безродный) космополиттер халқын қасқырша талап, коррупцияға белшесінен батып отыр. Бүгінгі, Қазақстанның дүниежүзіне тараған келбеті осы ?! Мұны қонаққа келген басқа мемлекеттің Елбасылары (Өзбекстан) көзге шұқығандай етіп, пікірлерін ашық айта бастады. Енді, өтірік дақпырт, жалған мадақты тоқтатып, үнемі Жаһанданудың жәрмеңкесін аша бермей, шешуін таппай сірескен – ішкі  мәселеге – көңіл бөліп, ақиқат көзімен қарайтын мезгіл жетті. Сырттан келгендердің өтірік мақтауы мен өз есебіне мығымдығын көріп, жандүниеміз құлазиды. Бұл әбестікті тоқтату керек ! Қазақ жерінің байлығымен, еліміз үлде мен бүлдеге оранып отыруға тиісті еді. Бірақ, олай болмай тұр. Тіпті, қазақ халқының әлеуметтік жағдайы бұрынғысынан көп төмендеп кетті. Міне, осының бәрі дұрыс шешілмеген – кадр мәселесіне – тікелей байланысты.

          Ендігі бір сөз етуге тұрарлық мәселе, бұл Қазақ елінде дүниеге келген, «Халық ассамбелиясы» аталынатын жаңа сипаттағы құрылымның мәні мен мазмұнын аша кету жөн сияқты. Жалпы, бұл құрылымның – ИДЕЯСЫ – аса абзал, тамаша да дархан екені рас. Бірақ, ‑ «жібекті түтеалмаған – жүн етеді» ‑ дейтін нақылдың көрінісін, оның қазіргі сәттегі қолданысынан тануға болады. Менімше, бұл да сол жандайшаптар мен жағымпаздардың – «артық етпек болып – тыртық қылып» ‑ алғаны болса керек. Сөз жоқ, жақсы идеяның өңін ашып, ажарына келтіріп жетілдіру ауадай қажет‑ақ. Бұл жайында былтырғы жылы Президент аппаратына жазып, жағымды хабар алғанымызды айта кеткенді жөн санаймын. Ассамблеяның 10 жылдығын да атқарған жұмыстарын зерделей келе, Елбасының аталмыш құрылымның жұмысын жетілдіру керектігі туралы айтқан ойларын ескере отырып, төмендегідей ой-пікірді ұсынамын: 

 

  1. Қазақстан Республикасындағы диаспора өкілдерінің мәдени орталықтары дәл бүгінгідей “жабық есік” түрінде емес, бір-бірімен үндескен және бір-біріне жауапты да ашық болуы керек. Бухгалтерлік балансы мен демеушілерін жариялау арқылы, олардың есеп-қисап жұмыстарына да бақылау жасау керек. Болмаса, бұл ұйымдар – құжаттары бойынша Үкімет тарапынан қамқорлыққа мұқтаж жай ғана мәдени орталықтар да, ал іс жүзінде – ерекшеленген бір ұлт өкілдерінің қаржы-өндірістік империялары мен корпорациялары.

              Мысалы, алыс шетелден келіп жатқан кәрістер, егер Алматыда осыдан 10-15 жыл бұрын шамамен 15 мың кәріс тұратын болса, бүгінгі күні, ұлтаралық қақтығыстар болған Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстандарды қойып, Ресейдің кәрістерін астыртын көші-қонын шешу арқылы, бір Алматының өзінде 200000-ға өсіп отыр.

     Аталмыш 130-мәдени орталықтарға, тек сол ұлт өкілдері ғана мүше бола алады. Осы ұйымдар ішінде қандай ұстаным ұстайды, мемлекет үшін берер пайдасы мен зиянын саралап-сараптайтын үкіметтік бақылау қай деңгейде? Бұл жағы белгісіз?!..Жүзге жуық орталықтардың өмірінен бір мысал: дүнген, ұйғыр, неміс, т.б. мәдени орталықтарының «халық Ассамблеясына» кіретін республикалық, облыстық, аудандық  мәдени орталықтары бар.

     Ал енді оқу орындары мен мектептерде, кәсіпорын мен жұмыс орындарында құрылса не болады? Қазірдің өзінде, бір ғана ұлт өкілдерінен құралған фирмалар

 

     мен компаниялар қаншама! Өзге ұлт өкілдері мұнда жұмысқа да кіре

     алмайды. Бұл ‑ ертеңгі сеператизімнің негізі болмақ !!..

 

  1. Аталмыш орталықтар ішінара өздерінің көлеңкелі “мемлекеттік және үкіметтік жүйелерін” құрмауына кім кепілдік бере алады?  Әлбетте бұл ‑ әлеуметтік теңсіздік пен келеңсіздіктерге жол ашары сөзсіз...

 

  1. Ұйғырлардың – «Жер біздікі, Үкімет сенікі» ‑ деуін қалай түсінеміз ?..

 

                Қазақстан Халық Ассамблеясын жетілдіру мақсатында:

 

1). Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтардың басын қосып, унитарлық

     Елге лайықты – ортақ бір ғана мәдени орталыққа біріктіру арқылы ‑  

     біртұтас Қазақстан Халқына айналдыру. Бірақ, бұл – «Қазақстандық ұлт»

     емес !

2). Қазақстан Халқы болуға кедергі болып тұрған –“Қазақстан халықтарының

     мәдениеті”, “Қазақстан халықтарының тілі” деп қолдан бөлушілік,

     Кеңестік кезеңінен қалған психологиялық жасанды қалдық.

 

3). Осы қалдықтардан арылып, ортақ мемлекет тілінде сөйлейтін ‑ ортақ

     әліпбиі, ортақ  мәдениеті, ортақ  дәстүрі бар –  біртұтас Қазақстан

    Халқы дейтін, жаңа  ҰЛТТЫҚ  ИДЕОЛОГИЯ қалыптастыру керек.

 

Ортақ мәдени орталықтардың құрылымы мен мазмұнын

төмендегідей кестеде ұсынылады:

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 
 

 

 

 

 

 

         

 

 

 

 

Соңғы айтар мәселе, сірә Президенттің білімді де дұрыс Кеңесшілері болмағандықтан болар, бізге шеттен келіп ақыл айтушылар көбейіп кетті. Кеше ғана Астанада өткен «Халықаралық әйелдер саммиті» не дейді? Неткен ұятты да, күлкілі жиын десеңіз ші ?! Япыр‑ау, осыншама «Жаһаншыл» болып кеткеніміздің сыры неде ? Менімше, Үкімет басында отырған Шалақазақтар мен Космополиттер: – Ұлы дала – адамзат өркенниетінің бесігі» ‑ болғанын естімеген сияқты. Әйтпесе, ‑ Демократия, Гендерлік жүйе – дегенді кезінде Ұлы дала бүкіл әлемге үйреткен еді ғой. Дүние халқы әлі де сол Ұлы дала жасап кеткен жүйеден тәлім алғандары жөн. Мәселен, қазақ халқы оң жақта отырған қызын алақанына салып әлпештеумен қоса, «қырық үйден тыйым салу» арқылы асқақ та әсем әдепті етіп тәрбиелей білген. Еш уақытта қыздарының намысына да жігеріне де нұқсан келтірмеген. Міне, сол қыздардың арасынан – батырлар да, ақындар да, даналар да, патшалар да – шыққан еді ғой. Мұндай, гендерлік жүйені – қандай елден табасың? Айтыңыздар шы, бұдан асқан «гендерлік саясат» болушы ма еді... Қазіргі гендерлік саясаттың – сыры мен шынын ашық айтсақ, қазақ халқының дәстүр‑салты мен ұлттық құндылықтарына қол салу үшін жасалынып жатыр. Гендер – дегеніміз, сөздіктерде – «пол» немесе «род» делінетін көрінеді. Бұл – бір шизофреник саясатшының  шығарған қойыртпағы болса керек. Әйтпесе, ана тілі мен граматикасында ‑ «роды» ‑ жоқ қазақ елінің шекарасынан аттатпайтын, іші толған ібіліске толы – құбылыс ?! Осының салдарынан, бүгінгі таңда, отбасының бүлінуі көбейіп ‑ еш уақытта Жесірі мен Жетімі болмаған елдің ‑ шаңарағы шайқалып тұр. Міне, ұлттық идеологиясы жоқ елдің көретін күні осы !..Қазақтың Ер‑азаматтары ‑ өз отбасына ие болу тізгінінен ажырай бастады. Күн сайын соттасқан және боқтасқан әйелдерден не күтуге болады ? Мұны – қолында билігі бар, біраз әйелдер біледі. Біледі де – сықылықтап күледі. Оның арты ‑ қос тізесін құшақтаған ‑ өкінішке толы өксік екені де белгілі. Үкімет түкке керегі жоқ әлемдік жиындарды өткізіп ақша шашқанша, қолынан келсе отбасына имандылық ұсынатын – қазақ қыз‑келіншектерінің конгресін  ‑ неге ұйымдастырып өткізбеске ? Дәл осындай ел‑ішілік жиын  ауадай қажет‑ақ. Бүгінгі қазақ әйелдері «Еркектерден қалып қалдық» деп  лар‑шу болғанша,  «Аналық парызымызды қаншалықты өтеп жүрміз» деген сауалға неге жауап іздемеске ?.. Міне бұл ‑ әйел атаулыға табиғат силаған, негізгі құдірет осы болса керек. Өйткені олар от басының – алтын діңгегі ‑  екені белгілі ғой. Отбасында береке жоқ елдің – мемлекеті де берекесіз болмақ ! Қазақ әйелдерінің дені ауылда тұрады. Тәуелсіздік алғаннан бері ауылдың күйі көп төмендеп, ауылдағы аналардың – көбі науқас. Одан туған сәбилердің де денсаулықтары мәз емес. Жұмыссыз отырғандар да – ауыл әйелдері. Ашқұрсақ та – солар... Ендеше, «Алтын алқалы аналар қорын»  құрып, «жаһаншыл саммитке» шашылғанша.., көпбалалы аналарға нақты көмектер неге көрсетпеске ? Иә‑ә болмаса, ауыл әйелдеріне қосымша мамандық үйретсе болар еді‑ау. Осы мәселелерге жауап іздеу – нағыз саммит сол ! Жарасы жазылмайтын Жаһанды түзетпек болып күлкі  болғанша, шаңарақ пен отбасымызды оңдасақ екен.  

                                          

   Совет‑Хан   ҒАББАСОВ,

       Жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының  докторы,

КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, профессор,

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,

ШҚО-сы, Зайсан ауданының құрметті азаматы,       

Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты,

Халықаралық Нострадамус атындағы академияның

толық мүшесі – Академик.

Қатысты Мақалалар