Жазушы, драматург Қалмұқан Исабай дүниеден өтті

/uploads/thumbnail/20170708205115180_small.jpg

Алматыда белгілі майдангер жазушы, ҰОС ардагері Қалмұқан Исабай қайтыс болды, - деп хабарлайды “Қамшы» порталы Қазақстан Жазушылар одағының хатшылығына сілтеме жасап.

Жазушыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең Жазушылар одағының ғимаратында сағат 10-да өтеді.

Қалмұқан Исабай 1925 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

1955-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросының директоры қызметтерін атқарған. 1985 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысады. Алғашқы әңгімелер жинағы - «Баян» атты әңгімесі 1959 жылы жарық көрді. Бұдан соң «Ажал құрсауында», «Жұмбақ үй», «Бетпе-бет», «Соңғы тәулік» повесть, әңгіме, очерктер жинақтары, «Cұнқар самғауы», «Айқыз», «Жолдас комендант», «Көгілдір қазына», «Серт», «Арна» т.б. романдары басылды.
Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы, Құрмет ордендерімен, және көптеген медальдармен марапатталған.

 

 

Қатысты Мақалалар