ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында «Үздік батальон командирі», «Батальон командирінің үздік орынбасары», «Батальонның үздік штаб бастығы» атты байқау-сайысының екінші кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы қолбасшылықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауынгерлік-қызметтік міндеттерінің сапасын көтеріп, оны одан әрі жетілдіру, Ұлттық ұлан офицерлерінің командирлік даярлықтарының деңгейін жоғарылату және батальон буынындағы лауазымды тұлғалардың өздерінің кәсіптік шеберліктері мен озық тәжірибелерімен мақсатында үстіміздегі жылдың 3-5 желтоқсаны аралығында 5571 әскери бөлімінің базасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында «Үздік батальон командирі», «Батальон командирінің үздік орынбасары», «Батальонның үздік штаб бастығы» атты байқау-сайысының екінші кезеңі аяқталды. Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ат терлетіп келген олар мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, ҚР ҚК басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының Жалпы әскери жарғысын білуден бақ сынасты. Сондай-ақ, сайысқа қатысушылар дене дайындығы, яғни 100 метрге жүгіру, белтемірде тартылу, 3 шақырым қашықтыққа жүгіру сынды нормативтерден сынақ тапсырды. Сондай-ақ, екінші күні Макаров тапаншасынан атыс жаттығуын орындау сайысынан құралайды көзге атқан ұландықтар жарысты қорытындылады.

Байқау-сайыс нәтижесінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар 5571 әскери бөлімінің клубында марапатталды. «Үздік батальон командирі» болып - Кұрмет Зарипов танылса, «Батальонның үздік штаб бастығы» атағын Кирилл Полянский жеңіп алды. Ал, тәлімгерлердің арасындағы «Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі үздік орынбасары» атағына Саламат Әмірханов қол жеткізді.

«Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек. Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек», -демекші, арамызда ел сүйсінер ісімен көпке үлгі болып жүрген ақ маңдайлы азаматтарымызҰлттық ұлан қатарында баршылық. Олар атқарған қызметімен, төккен терлерімен Отанға адалдық танытып келеді. Бір тілеріміз, көк аспанымызға бұлт үйірілмей, олар жинаған тәжірбиесін тек бейбіт күндері осындай сайыстарда ғана қолдансын» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.