Қоғамдық белсенді Ботагөз Зарқынқызын полиция тергеуде

/uploads/thumbnail/20170708205236785_small.jpg

Бүгін қоғамдық белсенді Ботагөз Зарқынқызының үйінде алматылық полицейлер тінту жүргізді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Қоғам белсендісінің айтуынша, полицейлердің бұл әрекетіне әлеуметтік желіде Қазақстанды Ресейге қосу керек деп сепаратистік идеяларды насихаттаған, бүгінде ісі сотта қаралып жатқан Ермек Тайшыбековтің арызы негіз болыпты.

«Бүгін Қордай сотында Тайшыбеков ісі бойынша үкім оқылатын еді. Мен соған жиналып жатқан кезде үйге полиция қызметкерлері келді. Сіздің үстіңізден ұлтаралық араздық туғызатын жазбалар жариялады деген арыз түсті деп полициялар үйді тінтті. Тінту жүргізуге санкциялары да бар екен. Қарсылық танытпадым. Үйімді түгел тінтті. Ал, арыз туралы айтсам, Ермек Тайшыбеков менің үстімнен шілде айында полицияға арыз түсірген. Оның сепаратистік жазбаларын жариялап, заң орындарына хабарлаған соң маған жасаған қарсы әрекетінің түрі. Содан бері полиция ол арызды қарамай келіп, бүгін естеріне түсіпті», - дейді Ботагөз Зарқынқызы «Қамшы» тілшісіне.

Полицейлер Ботагөз Зарқынқызының үйінен ноутбугы мен қазақша әндер мен фильмдер жазылған дискілерді тәркілеген.

Сондай-ақ, Ботагөз Зарқынқызы бүгін сағат 15.30-да полицияға тергеуге баратынын хабарлаған.

Қатысты Мақалалар