Алматыда жолаушы автобустан «түсіп қалды» (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708205312970_small.JPG

Алматыда жүріп бара жатқан қоғамдық көліктен жолаушы құлап түскені туралы видео Kolesa.kz порталында жарияланды.

Басылым жариялағандай, бұл оқиға 30 қараша күні Алматыдағы Сүйінбай даңғылының Фурманов көшесімен қиылысқан тұсында орын алған. Автожургізушілердің бірі түсіріп алған видеода бір жолаушы автобус есігінен жолға құлап түскені анық көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен ер адамды оқиға орнынан жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Жолаушының көліктен қалай құлап түскені және денсаулық жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Жолаушысы жолға құлап түскен Hyundai маркалы автобусы №86 бағыт бойынша жүреді, мемлекеттік номері - A 219 EL.


 

 

Алматыда жолаушы автобустан «түсіп қалды» (ВИДЕО)

Қатысты Мақалалар