ҮКІМЕТ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРҒА СЫЙАҚЫ БЕРМЕК

/uploads/thumbnail/20170708205319017_small.JPG

2016 жылдан бастап Қазақстанда қоғамға шын пайдасын тигізген үкіметтік емес ұйымдар сыйақы алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде  Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзімханов мәлім етті.

«Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы» жаңа заң арқылы  үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйақылар беру мәселесі қарастырылып отыр. 2016 жылдан бастап жыл сайын ең үздік, қоғамға пайдалы қызмет атқарған үкіметтік емес ұйымдарға осындай сыйақылар қарастырылатын болады», - деп хабарлады М.Әзімханов.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа заң тағы бір жаңалық енгізіп отыр. Енді Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың дерекқор базасы құрылады.

«Және тағы бір бағыт - үкіметтік емес ұйымдардың дерекқор базасын құру жөніндегі жұмыстар.  Ол база өкілетті органның жанынан құрылатын болады және барлық үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстары, атқарылатын жұмыстары және жобалары жөнінде ақпарат осы дерекқорға енгізіледі. Негізгі мақсат - қоғам үшін, азаматтар үшін, үкіметтік емес ұйымдардың ашықтығын қамтамасыз ету. Бұл да әлемдік тәжірибе», - деді ол.

Қазір осы заңға тәуелді гранттарды бөлу, сыйақылар бөлу, оператордың жұмысы туралы заңнамалық актілер дайындалуда. «Әлбетте бұл құжаттар үкіметтік емес ұйымдармен бірге талқыланып, дайындалып жатыр»,-деді вице-министр.

 

 

Қатысты Мақалалар