Бүгін доллар бағамы 309 теңгеден асып, таңғы қор нарығы сессиясында 52,6 миллион АҚШ доллары саудаланды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Қазақстан қор биржасындағы 9 желтоқсан күнгі таңғы саудада доллар бағамы 309,12 теңгені құраған. қор нарығында 52,6 миллион доллар саудаланып, 83 валюталық операция жүзеге асқан. Қор саудасы 309,4 теңгемен жабылған.