Астанада Есіл өзенінің сол жағалауында су құбырларының жарылуына байланысты бірнеше көшені су басып қалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.
Апат Астанадағы Сауран және Сығанақ көшелерінің қиылысқан тұсында орын алған. Санаулы минут ішінде тасыңан су автокөлік жолдарын басып, көлік қозғалысын қиындатып жіберген.
«Сауран-Сығанақ көшелерінің қиылысында диаметрі 800 мм болатын су құбыры жарылды. Қазір апат орнында құтқару-диспетчерлік қызметі жұмыс істеуде және ақау сипатын анықтау үшін құбырдағы су тоқтатылды» дейді «Астана Су Арнасы» кәсіпорны таратқан хабарламада.