Қостанай облысында 2,3 млн. теңге зейнетақы қаржысын қолды қылғандар ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708205350112_small.jpg

Рудныйда полицейлер зейнетақы таратып жатқан пошта қызметкеріне шабуыл жасаған 2 күдіктіні ұстады. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«9 желтоқсанда Рудный қаласында пошта қызметкеріне шабуыл жасады деген күдікпен 27 және 25 жастағы екі адам ұсталды, - делінген хабарламада. - Зейнетақы төлеуге арналған 2 миллион теңгеден астам ұрланған ақша тәркіленді».

3 желтоқсанда қариялардың үйіне зейнетақы таратқан «Қазпошта» қызметкеріне подъезд ішінде белгісіз біреулер шабуыл жасады. Олар 2 миллион 360 мың теңге салынған сөмкені пошта қызметкерінен тартып әкеткен.

«Сол күні арнайы тергеу тобы құрылып, оны Қостанай облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Атығай Арыстанов басқарды, - делінген хабарламада. - Полицейлер тиісті шараларды ұйымдастырып, күдіктілерді қолға түсірді. Олардан ұрланған ақша тәркіленді».

Ұсталғандар кінәсын мойындады. «Қазпошта» бөлімшелеріне қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі нұсқаулар жолданды. 

 

 

Қатысты Мақалалар