«Айналаңды нұрландыр»

/uploads/thumbnail/20170708205504784_small.jpg

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университетінің бірнеше жылдан бері  қолға алынған ауқымды іс-шаралардың бірі «Айналаңды нұрландыр» акциясының шеңбері уақыт өткен сайын кеңінен құлаш жаюда.

«Айналаңды нұрландыр» – айналаңа қамқорлық танытып, ізгілік дәнін себу, жарқын да нұрлы өмірге жол бастау деген ұғым.  Қоғамымыздың әр мүшесі жеке тұлға дейтін болсақ, әр адам өзінің әл- Фараби бабамыз жазып кеткен « Қайырымды қала», яғни қайырымды һәм өркениетті қоғамға қол жеткізу үшін, оныңәрбір толыққанды мүшесі өзінің өмірде жүктелген міндеттерін  үлкен жауапкершілікпен атқару керек. Бұл турасында университетіміздің ректоры Ғ.Мұтанов: «Кез-келген жан өмірде қандай із қалдырамын деген ойды есте берік ұстауы керек. Көреалмаушылық, қызғаншақтық бар жерде еш даму болмайды.  Аяқтан шалу, арызқойлық жақсы қасиет емес. Небір ізгі ниеттерді жастар бойын қалыптастыру арқылы өркениетке қол жеткіземіз.Өркениет арқылы, алған ілім-білімдерді жақсы іске жұмсау арқылы, тәрбиеге ден қою арқылы елді, ұлтты дамытамыз. Міне, « Айналаңды нұрландыр жобасының діттеген мақсаты осы»,- деп анықтама береді.Осы қабылданған бағдарламаның арқасында  шығыстану  факультеті қытайтану кафедрасының ұжымы мен студенттері, магистранттары   жыл сайын бірлесіп, көптеген тәрбиелік мәні зор, тағлымы тереңіс-шаралар өткізуде. Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұжымы да осы өтіп жатқан акциядан шет қалмай, 2015 жылдың желтоқсан айының онында қайрымдылық шарасын ұйымдастырды.

Қытайтану кафедрасының «Аударма ісі», «Шетел филологиясы», «Шығыстану» мамандығы бөлімдерінің 1,2 курс магистранттары мен оқытушыларыАлматы қаласындағыМамыр-7 ықшамауданында орналасқан «Ардагерлер үйіндегі» қарттардың көңілдерін бір демеп қайтты.  Магистранттар ондағы қарттардың тыныс-тіршілігімен танысып, әңгіме-сұқбат құрды. Соңынан магистранттар кішігірім концерт ұйымдастырды.  Ұлттық күйлерді  орындап, құйқылжыта ән салған Қауымбек Қайсар, Дана Балтабекова, Есболат Таңнұр, Елемес Зүбираш сынды магистранттарымыздың өнеріне  тәнті болған ардагерлер   үлкен ризашылықтарын білдірді.  Кездесу соңында кішігірім сыйлықтарымызды таратып, бірлесіп суретке түсіп, жылы қоштастық.

Кенжебаева Аида

 Әл-Фараби атындағы шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының доценті

 

Қатысты Мақалалар