Ресей шекарашылары Қазақстанға қолтырауын мен питон алып өтпек болған азаматты ұстады, - деп хабарлайды Lifenews.
Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Вееселоярск» өткізу пунктінде күдікті жүк тиелген «Газель» көлігін ресейлік шекарашылар тоқтатқан.
«РФ азаматы Омбыдан Қазақстанға бирмалық питон мен Ніл қолтырауынын алып өтпек болған. Иесінің айтуынша, оларды Қазақстанда өтетін корпоратив кештерінде өнер көрсетуге апармақ болған» делінген РФ ФҚҚ Алтай өңірі бойынша Шекара басқармасы таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, хабарламада аталған жануарларды иттің құжатымен алып өтуге әрекеттенген.