Қанат Ислам былғары қолғабын Бейбарысқа табыстады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708205555676_small.jpg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламды алматылық отбасы арнайы қонақ етіп, ат мінгізді.

Ерік пен Айгүлдің шаңырағындағы тілашар тойының қонағы болған Қанат өзінің кіндік баласы Бейбарысқа соңғы кездесуде киген былғары қолғабын сыйлады.

 Боксшының спорттағы жетістіктеріне ризашылығын білдірген отағасы оған ат мінгізіп, шапан жапты.

Ерік пен Айгүлдің қуанышына жайылған дастарханда сондай-ақ, қазақстандық кәсіпқой спортшылар Ардақ Назаров пен Қуат Хамит те арнайы қонақ болды. Жастарға бедгілі этнограф-жазушы Болат Бопай бастаған ақсақалдар бата берді.  

 

Қатысты Мақалалар