Түрік бас штабының мәліметі бойынша бұл шабуыл, күрд лагерлеріне оқ жаудырған «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымына» жауап ретінде жасалып отыр.
Лаңкестер екі сағат бойы күрд қарулы күштерінің орталығын 60-қа жуық снарядпен атқылаған. Ал Бағдаттағылар шекара заңдылығының сақталуын талап етуде.
Еске сала кетейік, 4 желтоқсан күні түрік жауынгерлері мен әскери техникалары Ирактың Найнава провинциясына рұқсатсыз кірген болатын. Ал бұл әрекетке наразылық білдірген Ирак Біріккен ұлттар ұйымына шағым түсірді. Осыдан кейін Түркия өз әскерін Ирак жерінен шығара бастады.
Пікір қалдыру