Қытайдың Лунъянь қаласындағы мейрамханада жарылыс болып, 7 адам қаза тапты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Ал, тағы үш адам ауыр жарақат алған. Жарылыс мейрамхананың ас үйінде болыпты. Сондай-ақ, Хэйлунцзян провинциясындағы шахтада да жарылыс болып, 17 кеншіні жер астында үйінді басып қалған. Жарылыс болған кезде жер астында 50 адам жұмыс істеп жатқан, оның 33-і жоғары шығарылыпты. Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарылыс себептері жөнінде әзірге еш дерек жоқ.