ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒАШҚЫ ЭЛЕКТРОМОТОЦИКЛ ҚҰНЫ 10 МЫҢ ДОЛЛАР БОЛМАҚ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708205728286_small.JPG

Шымкент қаласында қазақстандық машинажасаушы инженерлер құрастырған тұңғыш электромотоциклдің тұсауы кесілді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

KARLSKRONA LC AB инженерлік компаниясының бас директоры Уәлихан Ахметовтың мәлімдеуінше, бұл көліктің орташа сатылым бағасы 10 мың АҚШ доллары көлемінде болмақ. Сондай-ақ, ол бұл қазақстандық алғашқы электрлі мотокөліктің концепт нұсқасы екендігін, оны толықтай құрастыру ісі келесі жылы қолға алынатындығын айтқан.

«Бұл көліктің құны шамамен 10 мың доллар, яғни 3-3,5 миллион теңге көлемінде болады. Көлік 220 волтьтық әдеттегі желіден қуаттанады. Ол үшін ешқандай да арнайы жабдық пен орынның қажеті жоқ», - дейді У. Ахметов. Оның йтуынша бір рет толық қуаттандырылған батарея 2,5 сағатқа немесе 200 шақырым жол жүруге жеткілікті көрінеді. Сағатына 114 шақырымға дейін жылдамдықпен жүре алады.

Мотоцикл моделі толықтай қазақстандық инженерлердің қиялынан туған. Отандық инженерлер оны әзірлеу үшін бір жарым жыл еңбектеніпті. Мотоцикл тек электрлі қозғалтқышпен жабдықталған, бензин, басқа да жағар май құю мүмкіндіктері қарастырылмаған.

  

 

Қатысты Мақалалар