ҚР Үкіметі азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізді

/uploads/thumbnail/20170708205749693_small.jpg

ҚР Үкіметінің қаулысымен «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 

2015 жылғы 27 қараша, Астана, Үкімет Үйі, №957

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі - ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін.

Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі:

  1. азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптауға сәйкес әзірленетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі.

    Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптау қызмет саласына, біліміне, біліктілік деңгейіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне және жауапкершілік деңгейіне байланысты басқарушы, негізгі, әкімшілік және қосалқы персоналдардан қалыптасады;

    2) азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық жалақыларын (бұдан әрі - ЛЖ) есептеуге арналған базалық лауазымдық жалақыға (бұдан әрі - БЛЖ) қолданылатын коэффициенттер;

    3) жұмысшылардың ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған БЛЖ-ға қолданылатын коэффициенттер;


4) ұйымдар қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар және үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақы және өтемақылар;

5) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлерінің шет­ел валютасындағы ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелер) схемалары негізінде еңбекақы төлеуді қамтиды.

Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) немесе дайындалған өнімнің заттай өлшем бірліктерінде көрсетілген әр бірлігі (көлемі) үшін еңбекақы төлеуді көздейді.

2. Қоса беріліп отырған:


1) азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы;

2) азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша ЛЖ есептеуге арналған коэффициенттер;

3) жұмысшылардың ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер;
4) ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;

5) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;

6) ұйымдардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және ынталандырушы үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесі бекітілсін.

3. Мыналар:

1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры ЛЖ-дан (тарифтік мөлшерлемеден), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан, азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылатын бір ЛЖ (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады;


Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне ең­бек­­­ақы төлеу қоры шетел валютасындағы ЛЖ (тарифтік мөлшерлеме) негізге алына отырып айқындалады;

2) ұйымдар қызметкерлерінің ЛЖ-сы (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛЖ-ны (тарифтік мөлшерлемені) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген БЛЖ мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады;

педагог қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады;

заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілеріне ЛЖ ЛЖ-ның белгіленген мөлшеріне жоғарылататын коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалады;


3) өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады деп белгіленсін.»;

4-тармақта:

3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ұйымдар қызметкерлерінің ЛЖ-сын (тарифтік мөлшерлемесін) айқындау мақсатында орта­лық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) мамандығы бойынша жұмыс өті­лін (қызмет саласының ерекшеліктерін ескере отырып) есептеудің тәртібі мен шарттарын айқын­дайды;


5) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылданған қызметкерлерге жалақысындағы, сауықтыруға арналған жәрдемақысындағы айырма 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес олардың жалақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақысы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жалақысынан және сауықтыруға арналған жәрдемақысынан төмен болып шыққан жағдайларда төленеді;»;


6) тармақшадағы «бекітеді деп белгіленсін.» деген сөздер «бекітеді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы негізінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын азаматтық қызметшілер лауазымдары тізілімінің функционалдық блоктарына және білікті жұмысшыларға жатқызу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітеді.


Тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді деп белгіленсін.»;


6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттік басқару органымен келісу бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдардың атауларына қызмет ерекшелігін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдануға, сондай-ақ функционалдық міндеттеріне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестіруге;»;

1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 21, 25-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5, 24, 24-1-қосымшалар алып тасталсын;

20-қосымшаға ескертпеде:


«Сағат бойынша еңбек ақы төлеу демалыс үшін төленетін ақыны да ескереді.», «практикалық қызметінде шет тілін қолданғаны үшін жалақыға үстемеақыларды алатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінен шет тілі бойынша емтихан қабылдау кезінде;» деген жолдар алып тасталсын;


«Жоғары білімі бар жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне негізгі лауазымы бойынша жұмыс күнінен тыс жоғары оқу орны ректорының рұқсатымен сол оқу орнында жылына 225 сағаттан аспайтын сағат бойынша еңбекақы төлеу шарттарында педагогикалық жұмыспен шұғылдана алады.» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғары білімі бар жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) қызметкерлері негізгі лауазымы бойынша жұмыс күнінен тыс ЖОО ректорының рұқсатымен сол оқу орнында көлемі жылына 225 сағаттан аспайтын көлемде, сағат бойынша еңбекақы төлеу шарттарында педагогикалық жұмыспен шұғылдана алады.»;

22-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:


«Денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлері лауазымдарының және кәсіптерінің тізбесі мен олардың психоэмоционалдық және дене жүктемесін айқындайтын критерийлер»;


кесте бағандарының тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«Р/с
№ Қызметкерлер лауазымдарының және
кәсіптерінің атауы Психоэмоционалдық және дене жүктемелерінің критерийлері
1 2 3
»;

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 394-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1427 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 88-89, 733-құжат).

3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

 

 

 

Қатысты Мақалалар